Бейсенбі, 30 Мамыр 2024 12:37

Талабы таудай жас өрен

Дарынды оқушылар – ел болашағы, келешегіміздің келбеті. Білім бәсекесінде биіктен көріну, мақсатқа қол жеткізу – озат оқушының арманы. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын хан Абылай білектінің заманы өтіп, білімнің заманы келетінін айтса, хакім Абай «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп өшпес өсиет қалдырды.

Балалар күні қарсаңында бабалардың осындай өсиетін бойына сіңірген, Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Мансұр Мадиярұлы мақаламызға арқау болмақ. Ерекше қабілетімен танылып келе жатқан оқушы сан мәрте аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған. Соның ішінде «Talim Group»  біліктілікті арттыру орталығы мен «Мұғалім Мерейі» педагогикалық журналының ұйымдас-тыруымен өткен «Жарқын болашақ» атты шығармашылық байқауының І дәрежелі дипломының иегері атанған. Сондай-ақ «Bilim-orkenieti» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауына қатысып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын алып, куәлігін иеленген. «Жас математик»  жүлделі жарысының және мектепішілік  өребәйгелердің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.  Сынып жетекшісі Мансұрдың бойындағы ерекше қасиетін айтып, жетістіктерін атап өтті.

– Мансұр – өте зерек оқушы. Сыныптың ғана емес, мектептің де абыройын асқақтатып келе жатыр.  Мектеп шараларына белсенді қатысады, оқуға деген жауапкершілігі мол.  Сынып ішінде туып жатқан қиындықтардың жедел шешімін таба біледі. Әсіресе, математика пәніне қызығады. Көптеген интеллектуалдық сайыстарға қатысып, мұғалімдердің ықыласына бөленген ерекше бала. Оқу барысында білім деңгейі өте жақсы, үздіктердің алдында. Республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды. Әрине мұндай ерекше баланың біздің мектебімізде білім алуы – мақтаныш. Мансұрдың оқуға құштарлығын мектеп табалдырығын аттаған сәтінен-ақ байқадым. Ең алдымен осындай зерек балаға тәрбие беріп отырған апасына алғысым шексіз, – дейді Ақбота Әжек.

Бүгінгі таңда Мансұр тек пәндер арасында емес, жеке шығармашылық жұмыстарында да белсенді. «Мақсатым – білім алу, сол алған білімімді дұрыс жолда пайдаланып, ата-анамның үмітін ақтау» деген дарынды жастың талабы таудай екені көрініп-ақ тұр.  

 

     

Оқылды 654 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет