Жұма, 07 Маусым 2024 13:11

Қалада жаңа әкім

2 маусымда өткен Есік қаласы әкімін сайлауда жеңіске жетіп, тұрғындардың сенімін арқалаған Жан Бауыржанұлы Құраметов қала әкімі болып тағайындалды.

Жан Бауыржанұлы 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1993 жылы Есік қаласына қоныс аударған ол 2006 жылы қазіргі А.Мәлкеев атындағы білім-инновация лицей-интернатын тәмамдаған. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы, 2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, 2022 жылы аталған университеттің «Бизнес және басқару» магистрі атанған.

Ж.Құраметов лауазымды мемлекеттік қызметте еңбек еткен. 2016-2017 жылдары Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасары, ал 2017-2022 жылдары Жаңашар ауылдық округінің әкімі болған. 2022 жылы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Қаламыздың гүлденуі жолында білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін жұмсайтынын айтқан жаңа әкім тұрғындардың өзіне артқан сенімін ақтайтынын жеткізді.

Өз тілшіміз.

Оқылды 527 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет