Жұма, 07 Маусым 2024 13:18

Құрбандар рухына тағзым

Аудан жұртшылығы Лавар ауылында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандардың рухына тағзым етті. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов қатысты.

– Бүгін – халқымыздың тарихындағы «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдерде талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең-байтақ далада жойылып кету қаупі тұрды. Тарихи деректерге сүйенсек, 1930 жылдары Кеңес одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген, – деген Бекет Төлегенұлы Кеңес үкіметінің тұсындағы солақай саясат жайлы әңгімеледі.

Ауыл ақсақалы Имин Насиров жазықсыз атылған азаматтарды еске алып, олардың есімдерін мәңгі ұмытпау керектігін айтты.

Жиылған көпшілік құрбандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, аруақтарға құран бағышталды. Ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, 1918 жылы мамыр-маусым айларында жиналысты желеу еткен баскесерлер ескерткіш орналасқан орында 7 ауылдың азаматтарын жазықсыз атып өлтірген.

–  2018 жылы ескерткіш тұрғызуды қолға алғанымызда осы жерді қаздық. Сонда бірнеше адамның сүйегін тауып алдық. Тарихи деректерге сүйенсек, баскесерлер осында жиналыс болады деп, тұрғындарды жиып, пулеметпен қырып тастайды. Бұл жерде балалар мен әйелдердің, қарттардың, тіпті, жылқылардың сүйегі бірге жатыр, – дейді ескерткіш тұрғызуға жетекшілік еткен Айнисахан Вайденова.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 694 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қалада жаңа әкім Бүдіршіндер қуаныш көгінде »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет