Жұма, 07 Маусым 2024 13:25

Бүдіршіндер қуаныш көгінде

Адам өмірінің бақытын, мәнін тіпті бәрін баламен байланыстыратыны анық. Бала туралы айтар сөз таусылсын ба? Кезінде қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы «Кішкентай бала-шағаның у-шуынан артық көркем сазды музыка ойлап табу мүмкін емес» депті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аудан орталығындағы Ж.Жабаев атындағы жастар саябағында кең көлемде аталып өтті.

Мерекенің салтанатты бөлімінде аудан әкімі Талғат Ескендірұлы бүлдіршіндерді құттықтады.

– Балаларға барлық жақсы тілек жарасымды. Әр отбасында өсіп жатқан бүлдіршіндер бақыттың бал дәмін татуға міндетті. Мемлекетіміздің тарапынан жасөспірімдеріміз үшін барлық жағдай жасалып келеді. Әрбір ауылда  мектептер, спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып жатыр. Бұның бәрі бүлдіршіндеріміздің мықты азамат болып жетілуі үшін атқарылатын игілікті істер, – деп балаларға арналған мерекенің өтуіне атсалысқан мекемелер мен кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

Арнайы құттықтау сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Арайлым Ақсубайқызы жиылған бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

– Биылғы оқу жылын 55 448 оқушы аяқтаса, алтын белгіге 113, үздік аттестатқа 202 үміткеріміз бар. Биылғы жылы жазғы демалыспен 55 003 бала қамтылатын болады. Сонымен қатар демеушілеріміз бен кәсіподақ қорынан 2 000 бала қамтылса, «Қазақстан халқына» қорынан 385 бала мемлекетіміздің әртүрлі лагерлерінде сауықтырылатын болады, – деді білім бөлімінің басшысы.

Аталған мереке түрлі шоу бағдарламалармен, көңілді ойындармен, ән-бимен жалғасын тапты. Сондай-ақ ауданымыздағы техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталықтарының көрмелері ұсынылды. Балаларға қуаныш сыйлау үшін өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған мереке бүлдіршіндерге ұмытылмас күн сыйлады.                 

 Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 572 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Конституцияны жедел және жабық…

Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу процесі қысқа мерзімде және жабық жағдайда өтті…
Ақп 05, 2026

Қазақстан халықаралық…

Жаңа Конституция жобасында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардан немесе…
Ақп 05, 2026

Мемлекеттік тілді меңгеру туралы…

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау міндетінің Конституцияның жаңа редакциясында…
Ақп 05, 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен, Бектеген Сәбит Төреханұлы, 1983 жылы 16 қазанда дүниеге келдім. 2000 жылы Тескенсу…
Ақп 05, 2026

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Саменов Берік Даулеткелдіұлы 1979 жылы 16 қазан күні дүниеге келгенмін. 1998-2002…
Ақп 05, 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Садибеков Нуртас Ыхласович, 1991 жылы 27 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы Тауқаратұрық…
Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет