Бейсенбі, 13 Маусым 2024 15:34

Тіл жанашырының жүлдесі

Ұлтымыздың жаны, елдігіміздің нышаны, болмысымыздың бейнесі болған ана тілімізді қорғап, насихаттау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Осы мақсатта еңбек етіп, мемлекеттік тілдің сойылын соғып жүрген әріптесіміз, «Еңбекшіқазақ» газеті бас редакторының орынбасары Сардарбек Нұрадин «Мемлекеттік тіл және БАҚ» тақырыбындағы облыстық байқаудан жүлделі оралды.

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өз заманында айтып кеткен. Солақай саясаттың салдарынан ана тіліміз бен дәстүріміз талай қиын кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінде тіліміз өз тұғырына қонып, құндылықтарымыз түгенделуде. Осы бағытта еңбек етіп, аудандық газет арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тіліміздің айналасындағы олқы тұстармен күресіп жүрген С.Нұрадиннің бір жыл бойы жазған мақалалары, жасаған жұмыстары арнайы комиссия мүшелерімен сараланып, жүлделі ІІ орынға лайық деп танылды.

Қонаев қаласында өткен марапаттау рәсімінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов әріптесімізді мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап, мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар мен бағдарламалар арқылы отандастарымыздың танымын кеңейтіп, қазақ тіліндегі контентті ұлғайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, қаржылай сыйлығын табыстады.

Өз тілшіміз.

 

Оқылды 628 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет