Бейсенбі, 22 Тамыз 2024 12:48

Халық қалаулылары халықпен бірге

Биыл Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды. 1993 жылы «Қазақстан Республикасының әкімшілік территориялық құрылымы туралы» және «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңдары қабылданып, жергілікті мемлекеттік органдар – мәслихаттар мен жергілікті атқарушы

органдар – әкімдіктер мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болып аталды.

                1994 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті орган – бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат-жиналыстарында сайлау өткізілгені белгілі. Содан бері 30 жыл өте шығыпты. Соған сай жуырда Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезекті ХХVІІ сессиясы өтті. Аталған ауқымды жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов және орынбасарлары, әрбір шақырылымда ел аманатын арқалаған мәслихат депутаттары, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері, басқарма, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын басында қазіргі таңдағы аудандық мәслихат депутаттарының өз мамандықтары мен кәсіптері жөнінде бейне көрсетілім ұсынылып, аудандық мәслихаттың 30 жылдығына арналған кітаптың тұсауы кесіліп, таныстырылды.

Шараны жүргізген аудандық мәсли-хаттың төрағасы Бекет Ахметов салтанатты жиынды ашып, мерекенің мәні мен сегізінші шақырылымдағы мәслихаттың атқарған жұмыстарына тоқталды.

Қысқаша қайырсақ, бүгінгі таңда 2023 жылдың наурыз айында өткен саяси науқанда сайлаушылар артқан сенімді арқалап, Еңбекшіқазақ аудан-дық мәслихаттың  сегізінші шақырылы-мының депутаты атанған 28 азамат өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда.

Заңға сәйкес, сессия – мәслихат қызметінің негiзгi нысаны болып табылады, онда жергілікті өкілді органның қарауына жатқызылған мәселелер тал-қыланады. Есепті кезеңде Еңбекші-қазақ аудандық мәслихаттың жалпы 26 сессиясы өткізіліп, онда 130 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылда-ныпты.

Сондай-ақ, мәслихат өзінің өкілеттік мерзіміне 4 тұрақты комиссия құрылып, есепті кезеңде жалпы 22 отырысы өткізіліп, 40 есеп қаралып, тиісті хаттамалық қаулылар қабылданып, депутаттық қызметті жүзеге асыру шеңберінде тұрғындар тарапынан ма-ңызды ұсыныс пен  талап-тілектер бойынша тиісті мекемелерге 300-ден астам мәселе бойынша 55 сауал жолданыпты.

Жиын барысында арнайы құттықтау сөз алған аудан әкімі Талғат Ескендірұлы маңызы зор мерейлі мерекемен қатысу-шыларды құттықтады:

– Тәуелсіз Қазақстанның жергілікті сайланбалы өкілді билік органдары – мәслихаттардың құрылғанына  биыл 30 жыл толып отыр. Бұл тарихи оқиға еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі. Өздеріңізге мәлім, қазір еліміз дамудың жаңа сатысына қадам басты. Еліміз соңғы 5 жылдың ішінде ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырды. Осы бір тұста, «Алтын адамның» киелі шаңырағы бола білген Еңбекшіқазақ ауданы өзіндік ерекше даму жолын қалыптастырып қана қоймай,  мемлекеттік қолдау мен жүргізілген іргелі, әрі бағдарлы жұмыстардың нәтижесінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың айтарлықтай оң динамикасын көрсетуге мүмкіндік алуда. Өздеріңіз білетіндей, ауданымыз өндірістік және ауылшаруашылық аймаққа жатады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласы бойынша  37 млрд 44 млн теңге көлемінде өнім өндірілді. Ал, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 44 млрд 364 млн теңгені құрады. Негізі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 36 млрд 620 млн теңгеге жетті. Осы жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына 3,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі  таңда мемлекеттік қаржы есебінен тұрғындарды үймен қамтамасыз ету үшін жалпы 490 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 7 елді мекенде сумен қамту жүйелерінің құрылысы жүргізілуде, қосымша биыл 6 елді мекенде жоспарға сәйкес жұмыстар басталды. Ал білім беру саласында қазіргі таңда «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып, 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жеке инвестордың қаражаты есебінен Рахат округіне қарасты саяжайлар аумағында  1 500 орындық, Есік қаласында және Шелек ауылында 900 орындық мек-тептердің құрылыс жұмыстары жүргі-зілуде. Денсаулық сақтау саласында Қызылшарық ауылында амбулатория құрылысы аяқталды, Тескенсу ауылында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту бағытында Ащысай ауылында 50 орындық спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Басқа да салаларда түрлі деңгейдегі маңыздылығы бойынша тұрғындардың  әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда.

«Өткен жыл – келер жылға сабақ» дегендей, осындай алынған асулар мен ауқымды істер  келешек күндерге деген сенімге серпіліс туғызып, бола-шаққа күдікпен емес, үмітпен қарауға жетелейтіндігі сөзсіз. Ал осындай биік мақсаттар, оң өзгерістер – көбіне күнделікті қажырлы еңбекті талап ететін дамылсыз жұмыстың нәтижесінде ғана орын алатындығын баршамыз жақсы білеміз. Осы жұмыста барлық деңгейдегі депутаттар маңызды оқиға-лардың бел ортасында жүр. Сайлау-шылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда. Өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болып отыр. Бұл тұрғыдан, «Тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да  білек бір» деп Бәйдібек бабамыз айтақшы, қазіргі кезеңде Бекет Төлегенұлы төрағалық етіп отырған мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жұмыс атқарудамыз.       Түптеп келгенде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды» – деп, атап өткені бәрімізге мәлім. Қажет болса, біз бір-бірімізді толықтырып, қолдап отыруымыз керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады. Осы бір тұста, мәслихат пен депутаттардың атқаратын рөлінің маңыздылығы одан әрі арта түсетіндігі сөзсіз. Өкілді орган қашан да халықтың үнін жеткізетін бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір болып қала бермек.

«Мың шақырымдық алыс жол алғашқы қадамнан басталады» дегендей, өткенге ой жүгіртіп, талғам таразысы мен жүрек талқысына салсақ, мәслихаттардың алғашқы негізі қаланған шақырылымынан бүгінгі дәрежесіне дейінгі жүріп өткен сара жолында 200-ден астам азамат өз заманының талабына сай ел аманатын арқалап, қоғамдық бастамада депутат ретінде еңбек еткен екен. Осыған дейін аудандық мәслихаттың 5 шақырылымының хатшысы болған Әділбай Айнабекұлының да жарқын бейнесі әрдайым халық есінде. Әр шақырылымның депутаттар құрамы қоғамдағы беделді, белсенді, айтары бар адамдардан құрылып, аудан тұрғындарының мүддесі үшін қызмет атқарғаны сөзсіз. «Көпті білген-нен емес, көпті көргеннен сұра» демек-ші, осы тарихи кезеңде бізге дейінгі аға буынның тәжірибесі мен атқарған істерін білудің, бағалаудың маңызы зор екендігін нақты атап өткім келеді. Бүгінгі шарамызда отырған Алматы облыстық мәслихатының ең бірінші шақырылымының хатшысы Ахет Сейтқа-зыұлын, әрбір шақырылымдарда об-лыстық, аудандық деңгейде сенім мандатына ие болып ел игілігі үшін депутат ретінде қызмет атқарған  Елеу-сіз Сұлтанғазыұлын, Хайролла Қасым-ұлын, Руслан Әбдібекұлын, Сейтхан Есембайұлын, Жұман Сембайұлын, Аблеким Садыковичті және Адалят Үсенжановна мен Гүлнар Сағатқызын ерекше атап өтуге болады – дей келе  әрбір шақырылымдағы депутаттардың атқарған еңбектеріне үлкен алғыс білдіріп, жиынға қатысушыларға ақ тілегін арнады.

Шара Алматы облыстық мәслиха-тының 4-ші, 5-ші шақырылымдарының және аудандық мәслихаттың 3-шақы-рылымының депутаты болған, «Еңбек-шіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжановтың құттықтау сөзімен жалғасты.

– Жылдар желісінде маңдай тер, еңбектің арқасында қол жеткізген қастерлі тәуелсіздігіміздің қалыптасу жолында еліміздің ұстанған басты бағытының бірі қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді қарым-қатынасты жандандыру.

Осы тұста, еліміздегі демократиялық құныдылықтарды жүзеге асырып, қоғамды толғандыратын кез келген мәселенің дер кезінде шешіліп, жүзеге асуы жергілікті жерлерде сайланған депутаттардың құзыретімен тығыз байланысты. Депутат халық таңдаған өкіл ретінде қоғамның қай саласындағы болмасын көкейкесті мәселелерге назар аударып, оның түпкілікті шешімін табуына мүдделі. Осы орайда, үш онжылдықтан асқан тарихы бар отандық мәслихаттың тәжірибесі елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Сол себепті де, өкілетті билік органы ретінде құрылған мәслихаттың мемлекеттік басқару жүйесіндегі алатын орны мен маңызы өте зор. Өздеріңіз білетіндей, мәслихат депутаттарын ауыл, қала тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлайды.

«Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында», дәл осы халық атты ұлы қуаттың сенімін ақтап, оның игілігі жолында адал қызмет ету – халық қалау-лыларына артылған жауапты міндет. Сондықтан да әр депутат өзіне дауыс берген сайлаушылардың, елді-мекендердің жоқ-жітігін, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сұраныстарын жан-жақты зерделеп, атқарушы биліктің алдында мәселе көтеруге құқылы да міндетті. Сол себепті де, депутат болып сайлану қай кезде де халықтың үлкен сенімін және оның елдің алдында да, басқару органдарының алдында да жоғары жауапкершілікті жүктейтіні анық.

Еңбекшіқазақ мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты ретінде мәслихат жұмысын сырттай бақылаушы емес, тікелей оған қатысушы ретінде білетіндіктен бағалай аламын. Аудан мәслихатының алтыншы, жетінші, бүгінгі күндері өз миссиясын орындау барысындағы сегізінші шақырылымын басқарып келе жатқан Әділбай Айна-бекұлының ізбасары деп айтсақ та қате болмас, Бекет Төлегенұлы Ахметовтың өкілетті органның жұмысын ұйымдас-тыруда өз стилі, өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

Мемлекет басшысының басқару жүйесін өзгерту, реформалау барысында өкілетті органдар құзырына басымдық беру бағытын ұстанып отырғаны белгілі. Оң өзгерістер құрғақ сөз болып қалмас үшін елмен бірге болу керек, елдің мұң-мұқтажын тыңдай білу керек және оларды шешу, қанағаттандыру керек. Бұл ретте аудандық мәслихаттың жұмыс ерекшелігі тікелей орындарға шығу, кез келген мәселелердің алдын алу, елді-мекендерге депутаттық корпуспен, атқарушы биліктің басшыларымен, мамандарымен сонымен қатар, ашықтық мақсатында бұқаралық ақпарат құрал-дарымен бірлесе тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, тілдесіп, жағдайларымен танысып, сонымен қатар тың да тысқары көзбен көрген кемшіліктерді тізбелеп қана қоймай, сәйкесінше іс-шаралар қабылдауға қолғабыс жасау құптарлық та, үлгі боларлық тәжірибе.

Расында да өкілетті орган 30 жылда әлеуметтік ортамен тығыз араласып, халықтың талап-тілек,  ұсыныстарын тыңдап, атқарушы билік пен әлеуметтік ортаның арасындағы ақылдасу алаңына айналды. Осы орайда аудандық мәслихаттың әлі де атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеп, осы бағытта үлкен істерге мұрындық болғанын айта келіп, алдағы уақытта да жергілікті мәслихат билік пен халық арасында шынайы дәнекер, алтын көпір бола беретініне сенім білдіргім келеді – дей отырып айтулы мерекеге қатысушыларға толайым табыс тіледі.

Аудандық мәслихаттың 30 жылдық мерейтойына арналған марапаттау рәсімінде мереке иелеріне еңбектеріне сай «Қазақстан Мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалі,  Алматы облыстық   мәслихаттың, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар жергілікті мемлекет-тік басқару және өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен нығаюына, сондай-ақ ауданымыздың әлеуметтік-экономика-лық, рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Шолпан Қасымбаева, Аман-гелді Толқынов, Серік Надырбаев, Бауыржан Жантасов, Виталий Вальков «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

Айтулы жиынды қорытындылаған Бекет Төлегенұлы:     

– Тәуелсіздік алған жылдар ішінде жеткен жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз, жасампаз істеріміз бен жарқын жеңістеріміз мол. Сындарлы жылдарда  ғасырға бергісіз ғаламат белестерді бағындырдық, небір қиын-дықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Әрине даму-дың даңғыл жолына түскен қуатты мемлекетіміз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда асқаралы асулар мен айқын мақсаттар күтіп тұр

«Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақ-тап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» – деп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысу аса маңызды – деген аудандық мәслихат төрағасы ақжарма лебізімен, толғамды ойларымен мерекені қоры-тындылады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 542 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет