Бейсенбі, 22 Тамыз 2024 12:06

Шаһар шырайы артады

Алтын адамымен бар қазақты әлемге танытып берген Есік шаһарының қашан да орны бөлек. Ал табиғаты әсем жерде орналасқан киелі қаламыздың тазалығына, құрылыстарының сапасына, жолдарына көңіл толады деп айту қиын, әрине. Аудан орталығының көркеюуі бәрімізге маңызды. Осы орайда аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов қаламыздың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында құрылыс нысандары мен қоғамдық орындарды аралады. Сапарға аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Шолпан Қасымбаева, Есік қаласының әкімі Жан Құраметов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Шакенов, қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Ақаев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілі қатысты.

Мониторинг Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің маңындағы шағын футбол алаңынан басталды. Бірнеше жыл бұрын ғана салынған демалыс алаңының сапасы қазір сын көтермей тұрғаны жасырын емес. Сондай-ақ, Керей, Жәнібек хандар-дың ескерткіші орнатылған орталық-тағы шағын саябақ пен орталық мешіт маңындағы балалар ойын алаңдары-ның тоз-тозы шыққан. Атқарылған құрылыстың сапасын мақтауға келмей-ді. Алайда сол жерлерде кешкі уақытын өткізетін жастардың залалы көп тигені байқалады. Сонша қаражатқа «ел игілігі үшін» деп салынған қоғамдық орындарды күл-қоқысқа толтырып, орын-дықтарды әдейі қиратқандары көрініп тұр. Футбол алаңдарының қоршауларын көргенде мәдениетіміздің мұншалықты құлдырағанына қынжыласың.

2-ші шағын ауданның төменгі тұсынан бой көтеріп жатқан жалпы саны 130 пәтерді құрайтын тұрғын үйлердің және 2-3 жыл бұрын халыққа тапсырылған жаңа үйлердің хал-ахуалы таныстырылды. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық аурухана мен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп те назардан тыс қалған жоқ. 4 сағатқа созылған сапарда жалпы саны 13 нысан қаралды. Кез-келген нысанда сан түрлі мәселелер шыққаны жасырын емес. Аталған мәсе-лелердің шешімін табу мақсатында Бекет Төлегенұлы Есік қаласының әкімі мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бекет Төлегенұлының айтуынша, ең әуелі аудан орталығы Есіктің келбетін кіргізіп, жағдайын жақсартып, барынша жайнату қажет, содан кейін округтер де сәтімен қолға алынады.

– Есік қаласы тартымды өлке болға-нымен құрылыс нысандары бойынша паспорты жоқ болып отыр. Яғни, Астанада Бәйтерек, Семейде аспалы көпір, Алматыда Тәуелсіздік монументі сынды Есікке тән, мақтанышымыздай болатын бір құрылыс нысанын қолға алсақ деген ниет бар. Бүгінгі сапарымызда байқағанымыздай, тұрғындарымыз бен жастарымыздың тазалыққа келгенде мәдениеті тым төмен болып отыр. Әркім өз ауласының тазалығын сақтап, айналасына қоқыс тастамай жүрсе дейсің. Біз жерлестерімізді қоршаған ортамызға еш зиян келтірмей жүруге барынша баулудан бастауымыз қажет, – деді мәслихат төрағасы.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 903 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет