Сәрсенбі, 12 Ақпан 2025 16:07

Алматы облысында 4 мың тоннадан астам тауралық балық өсірілді

Алматы облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021- 2030 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Жоба шеңберінде тауарлы балық өсірумен айналысатын 70 шаруашылық құрылған. Аталған шаруашылықтардың ішінде қазіргі уақытта 55 шаруашылық тауарлы балық өсірумен айналысады. Бұл туралы Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасры Ринат Маратұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жалпы, 2024 жылы бағдарлама бойынша тауарлы балық өсірудің жоспары 7000 тонна болып белгіленген, есептік кезеңде Алматы облысы бойынша 4488,55 тонна тауарлы балық өсірілген жайы бар.

«Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 2021 жылдан бастап 2024 жылдар аралығында жеке инвестициялардың жалпы сомасы 5 млрд. 238 млн. теңгеден асатын, жобалық қуаттылығы жылына 4,5 мың тоннаға жуық балықты құрайтын 14 жаңа балық өсіру шаруашылықтары іске қосылды»,-дейді Ринат Маратұлы.

Баршаға мәлім, өңірде балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттен қолдау жоғары. Бүгінгі күні облыс бюджетінен 300,0 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, толығымен игерілген.

Айта кетейік, 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына жалпы саны 2 млн. 13 мың дана құнды балық шабақтары жіберілген еді.

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі - браконьерлікпен күрес болып табылады. Өткен жылы аталған бағыттағы жұмысты жүргізу барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 462 фактісі тіркелген. Нәтижесінде 438 жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартып, 79 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Ринат Маратұлының айтуынша, табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 10,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, 34,4 млн. тенге талап-арыз қойылған екен.
«8 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 22 бірлік су көлігі және 169 дана қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары тәркіленді»,-деді спикер.

Оқылды 283 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет