Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025 14:57

Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

2025 жылы жазғы маусымда лагерьлерге қойылатын санитариялық талаптар мен бақылау шаралары күшейтілді. Ондағы мақсат балалардың денсаулығы мен қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Әділжанұлының айтуынша, жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету басты назарға алынды.
"Жазғы лагерьлерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, олардың демалысын пайдалы әрі қауіпсіз ету. Ол үшін дезинфекция, кене мен зиянкестерден тазарту, ауа мен судың сапасын зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, 2025-2026 жылдарға арналған Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленді. Бұл құжат ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіріп, лагерьлер жұмысын жүйелі бақылауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Марат Әділжанұлы
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 маусымнан бастап облыстың 6 аумағында орналасқан 28 сауықтыру лагері 5 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын. Бірақ алдымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды құжатын алуға міндеттелді.
Еске салсақ, 2024 жылдын жазғы маусымында облыста 25 лагерь жұмыс істеп, онда 31 мыңнан астам бала демалды. 23 мыңға жуық бала сауықтыру шараларымен қамтылды.

Оқылды 451 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет