Бейсенбі, 17 Сәуір 2025 13:06

Құқық бұзушылықпен күрес – ортақ міндет

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда өткен аптада ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан прокуроры Бауыржан Кибраев, полиция басқармасының басшысы Дәурен Құтпанов, округ әкімдері қатысты.

Конституция бойынша ең жоғары құндылықтар – адам, оның өмірі, құқықтары мен жеке тұлғаның қауіпсіздігі. Оны қорғау – тәртіп сақшыларының тікелей міндеті. Қылмыс деңгейін төмендету мақсатында профилактикалық шаралар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ерекше бақылауына  алынып, нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіпті қорғауда» деп жариялағаны мәлім. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою. Осы бастама аясында ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойылған.   

Жиын барысында аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Құтпанов баяндама жасап, жиілеген қылмыcтық істерге баса назар аударды. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта ауданымызда қылмыстық жағдайлар саны  көбейіп кетті. Бұны полиция басқармасының басшысы  өз баяндамасында атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданымызда қылмыс деңгейі 14,3 пайызға өскен.           

– Жыл басынан бері 3 ай ішінде Еңбекшіқазақ АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, түрлі қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде ауданда қылмыстың тіркелу саны 23 пайызға төмен-деген. Яғни былтырғы жылы 3 айда 451 қылмыс тіркелсе, 2025 жылы 346 қылмыс тіркелген. Оның ішінде ұрлық 44 пайызға, тонау 66,6 пайызға, азайған. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен қылмыстарды суытпай ашу 22 пайызға жоғарылаған, – деді Д.Құтпанов.

Оған қоса полиция басқармасының басшысы полиция қызметкерлері сауда орындарында алкогольді сату және құрамында спирті бар өнімдерді, сыра мен алкогольді сусындарды сату қағидаларын бұзу шаралары тіркелгенін жеткізді. Өңірдегі кримонегендік жағдайды жақсартуға байланысты, аудан аумағындағы 83 көңіл көтеру орындарындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында  АПБ Жергілікті полиция қызметкерлері жұма, сенбі, жексенбі күндері және мереке күндері кезекшілік етеді. Ал ювеналдық полиция бойынша 995 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. 50 ата-ана қамқорлығы төмен отбасы, 34 кәмілетке толмаған балалар ювеналдық полицияның тіркеуінде тұр. Ювеналдық полиция тобының инспекторларымен қылмыстың ашылуы айтарлықтай артқан. Патрульдік полиция ротасы бойынша ашылған қылмыстар 70,6 пайызға артқан. Аудан аума-ғында жол-көлік оқиғасына әсіресе адамдардың әртүрлі дене жарақаттарын алу, адам өліміне жол бермеу үшін жол оқиғасы болған аймақтарда  сараптама жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда профилактикаға және жол апатын төмендетуге бағытталған жұмысқа сәйкес аудан аумағында 1800 бейне-бақылау камералары орнатылғанын жеткізді.  

Сонымен қатар аудан про-курорының орынбасары Димаш Калмашов баяндама жасады. Ол жиі қайталанатын қылмыстар арасында кримино-гендік жағдайлар өршіп тұрғанын атап өтті. Нақтырақ айтқанда алаяқтық, оның ішінде интернет-алаяқтық,  кәмелетке толмағандарға қатысты жы-ныстық қылмыстар, жол-көлік қылмыстары, тонау және бопсалау. Аудан бойынша кісі өлтіру 100 пайызға, алаяқтық 31 пайызға, интернет-алаяқтық 200 пайызға, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз айналымы 85,7 пайыз-ға, кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу және кәмелетке толмағандарды азғыру 100 пайызға өсті. Прокурор бұл өте жоғарғы көр-сеткіш екенін айтты.

– 2024 жылдың қорытын-дысы бойынша қылмыс деңгейі 14,3 пайызға өскен. Яғни  2023 жылы 1485 қылмыс тіркелсе, 2024 жылы 1697 қылмысқа дейін тіркелген. Атап айтқанда, тонау және бопсалау, жол-көлік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар, алаяқтық, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстар саны артқан. Аудан бойынша отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы қылмыстар саны  166,7 пайызға өскен. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар бойынша төмендеу динамикасы байқал-майды. Олар ауыр дене жа-рақаты, бопсалау, зорлау және жол-көлік қылмыстары. Биылғы жылы тек 3 айда ғана, соттылығы шешілмеген және жойылмаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстар саны 63,3 пайызға артқан. Сондай-ақ рецидивтік қылмыс 66,7 пайызға, алкогольдік масаңдық күйінде жасалған қылмыстар 47,6 пайызға артты. Жалпы алғанда, профилактикалық ша-ралардың толық орындалмауы қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтар 12 қылмысқа әкеп соққан. Мәселен, 6 рет сотталған М есімді азамат, 2023 жылы  20 наурызда түрмеден босатылып, Шелек полиция бөлімі тарапынан бақылауға алынған.  Алайда, бір жылдан аспай жатып,  аталған азамат алаяқтық түріндегі қылмыстар жасайды. Сот оның әрекеттерін қауіпті рецидив ретінде таныған. Сонымен қатар облыс ішінде ведомстволық өзара іс-қимылдың болмауы байқалады. Мысалы, жақында ғана қаланың орталығында адамдар көп жүретін мешіттің жанындағы автотұрақта С есімді азаматты пышақтап өлтіру дерегі орын алды. Осы қыл-мыс жасалмас бұрын қала көшелерінде патрульдеуші 8 полицей көлігі болған. Бірақ патрульдер болғанына қарамастан, олар қаладағы болып жатқан оқиғаларға, әсіресе мешіттің алдында жиналған адамдарға тиісті назар аудар-маған. Одан бөлек,  жеке тұл-ғаға қатысты ауыр қылмыстар-дың жасалуының бірден-бір себептері қылмыскерлердің алкогольдік масаң күйде болуы. Мысалы, 2024 жылы 5 маусымда Б есімді азамат өзінің қасақана әрекетін жүзеге асырып, Ж есімді азаматқа шабуыл жасап, бөтен мүлікті ұрлау мақсатында, өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы, қолына тасты қару ретінде алып, басына соққы жасап, оның өліміне себеп болды. Қаламызда әлі күн-ге дейін белгіленбеген уақытта алкоголь сататын дүкендер қатары азаймай тұр, – деді Д.Қалмашов.

Прокурор орынбасарының сөзінше, пробация жағдайы  жеке зерттеу мен талқылауды талап етеді. Бұл мәселені бақылау үшін арнайы қызметтер жұмыс істейді. Бірақ кейбір жерлерде бақылау механизмі дұрыс жұмыс істемейтіні анықталған. Жасаланып жатқан пробациялық жұмыстардың тиімсіздігіне статистикадағы көрсеткіш дәлел.

Бұдан бөлек кәмелетке толмағандар арасында жаса-ған қылмыстар өткен жылға қарағанда 161 пайызға өскен. Бұл кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар-дың профилактикалық жұмысы өте төмен деңгейде екенін айтты прокурор. Сонымен қатар прокуратурамен кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметіне талдау жүргізілген. Талдау барысында жыл сайынғы жұмыс жоспарлары өзгеріссіз қайталанып, қоғамдағы өзекті мәселелер ескерілмейтіні байқалған.Мысалы, аймақта 107 кәмелетке толмаған бала бұзақылық жа-сағанымен, оларды үйірмелерге тарту не болмаса тәртібін тү-зету жұмыстары жүргізілмеген.

Ведомствоаралық кеңесте аудан әкімі Талғат Байеділов қылмыспен қоғам болып күресу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, түзету мекемелерінде жазасын өтеп келген азаматтарды бірлесе қоғамға бейімдеу қажет екенін жеткізді.

– Өмірде түрлі жағдайлар болады. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, өз айыбын өтеп келген азаматтарды жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, түрлі жұмыстарға орналастыруды қарастыру керек. Бұл мәселені тек пробация өкілдеріне ғана артып қойған дұрыс емес. Одан бөлек қыл-мыстың себебімен емес, ең алдымен сол қылмыс орын алмайтындай тәртіп қалыптастыру керек. Ауданның қылмыс-тық жағдайын төмендетіп, керісінше экономикалық ахуалын көтеру қажет. Бүгінгі айтылған мәселелерге байланысты хаттама толтырылып, келесі кеңеске дейін нақты нәтиже көрсетеміз деп сенемін, – деді аудан басшысы.

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

 

Оқылды 72 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…
Сәу 17, 2025

Память зависит от ныне живущих…

В годы Великой Отечественной войны 13 уроженцев Енбекшиказахского района стали Героями…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет