Бейсенбі, 17 Сәуір 2025 12:33

Тиімді тренинг

Фермерлердің зиянкестермен кешенді күресу мүмкіндігін кеңейту – Қазақстанның тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға жасалған маңызды қадам. Осы орайда, Байсейіт ауылында «Зиянды пестицидтерді пайдалануды шектеу»тақырыбындағы төрт күндік тренинг өтті.

Аталмыш тренинг Әзірбайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркияда жүзеге асырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының «Орталық Азия елдері мен Түркиядағы пестицидтердің өмірлік циклін басқару және тұрақты органикалық ластағыш пестицидтерді жою» жобасы аясында өткізілді.

Оқу бағдарламасы Байсейіт ауы-лындағы «Берекет» ауылшаруашылық мектебінде өтті. Тренинг фермерлерге өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдылар мен білім беруге бағытталған. Бағдарлама зиянкестермен кешенді күрестің (IPM – Integrated Pest Management) негізгі бағыттарын қамтып, пестицидтерді ұтымды таңдау және қолдану, бақылау шараларын жоспарлауда ауа-райы деректерін тиімді пайдалану, феромонды тұзақтарды қолдану арқылы зиянкестерді бақылау және зияндылықтың экономикалық шегін анықтауға негізделген. Тек тео-риялық бағытта ғана емес, сонымен қатар қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатын саладағы прак-тикалық сабақтарға да ерекше назар аударылды.

Тренингке білімімен бөлісуге дайын, озық ауыл шаруашылық тәжірибесін енгізу және өсімдіктерді қорғау әдісте-рін жетілдіруге деген ұмтылысы жоға-ры іріктеліп алынған 20 фермер мен ауыл шаруашылығы кеңесшілері қатысты. Әрбір қатысушы алған білімін өз микроаумағындағы кемінде бес басқа фермерге үйретуге міндеттеліп, нәтиже-сінде кем дегенде 70-тей диқан жаңа тәжірибемен қамтылмақ.

Тренинг барысында ауданда өсірілетін жеміс-жидек дақылдарына, тұқым-ды жемістер мен дәнді жемістерге ерекше назар аударылды.

Калифорния Дэвис университетінде интеграцияға назар аудара отырып, халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту мамандығын тамамдаған Дж. Патрик Брэди өз сөзінде жобаның мақсатын айтып өтті.

– Жобамыздың негізгі мақсаты – тұрақты органикалық ластаушы зат-тардың шығарындыларын азайтып, пестицидтерді қауіпсіз басқарудағы Қазақстанның әлеуетін арттыру. Пес-тицидтердің қолдануын 70 пайыздан 40 пайызға түсіру. Пестицидтерді шамадан тыс және тиімсіз пайдалануды шектеу, құрал-жабдықты дұрыс қолдану, өнімнің зиянкеске тұрақтылығын арттыру, сонымен қатар ресми тіркеуден өтпеген және ықтимал қауіпті заттарды пайдалануды шектеу – дейді.

Оқыту екі кезеңмен жүргізіледі. Біріншісі, сәуірдегі төрт күндік курсты қамтыса, екіншісі, алынған нәти-желерді талдау, залал деңгейін бағалау және қолданылатын бақылау әдістерінің тиімділігін сараптауға арналып, маусым айында екі күндік сессия ұйымдастырылады.

Жоба 2023 жылы Қазақстанда өткен далалық сынақтардың сәтті нәтижелеріне негізделген. Сынақ нәтижелері көрсеткендей, IPM әдісі өсімдіктерді қорғаудың тиімділігін арттырып, пестицидтерді қолдану көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, өнімділік жоғары деңгейде қалып, кейбір бақтарда айтарлықтай жоғарылады. Бұл нәтижелер, әсіресе елдегі 2021 жылғы пестицидтерді қолдану 18 000 тоннадан асқан жағдайда IPM тәсілінің өміршеңдігін дәлелдеді.

Аталмыш бастама ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудегі балама, химиялық емес тәсілдерді енгізуге бағытталған жобаның үшінші құрамдас бөлігі аясында жүзеге асырылуда. Ескірген пестицидтерді жою және ластанған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралармен біріктірілген жоба қоршаған ортаны қорғауға және азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал етері сөзсіз.

IPM – ауыл шаруашылығында зиянкестермен күрестің тиімді, экология-лық және экономикалық жолы. IPM химиялық препараттарды аз қолдануға мүмкіндік береді, бұл адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды азайтады. Сонымен қатар, химиялық заттарға кететін шығынды азайтады, ал өнім сапасы мен көлемі сақталады немесе артады. Фермер-лерді озық біліммен және құралдармен қаруландыру арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ФАО жобасы Қазақстанның тұрақты, қауіпсіз және өнімді ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосады.

Жайна ЕПТІБЕКҚЫЗЫ.

Оқылды 464 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет