Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 10:13

Ұлықты мереке ұлт жадында

Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, батыр бабаларымыздың қанымен келген Жеңіс күніне 80 жыл толып отыр. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанын құрбан еткен батырларымыздың ерлігін ел есінде сақтау – маңызды міндет. Осы орайда 9 мамыр күні Есік қаласының орталығында, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында айтулы күн мерекеленді. Ауқымды шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, бөлім басшылары, аудан тұғындары қатысты.

Айтулы шараның басында жиылған көпшілік сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді, өмірден озған ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Аудан әкімі Талғат Байеділов мерекелік құттықтау сөзінде:

– Бұл – халқымыздың қаһармандығы мен төзімділігін айқындаған, тарихта өшпес із қалдырған қасиетті күн. Жеңіс жолында жанын қиған боздақтарымыздың ерлігі – ұрпақ жадында мәңгілік сақталар асыл мұра. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, адамзат баласына орасан қайғы-қасірет әкелген бұл соғыста халқымыздың рухы сынға түсті. Сол сынақтан сүрінбей өткен қазақ жауынгерлері мен тылдағы еңбек адамдары елге ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетті. Кеңес Одағы қарулы күштерінің құрамында соғыс жылдары барлығы 35 миллион адам болса, бұлардың 1,2 миллионы қазақстандық болды. Олардың өмір жолы – жас ұрпақ үшін өнеге мен тағылым мектебі.

Жеңіс күні – ұрпақты елін сүюге, татулық пен тұрақтылықты бағалауға үндейтін мереке. Ел бірлігі мен қоғамдық келісім – сол жеңімпаз буын аманаттаған құндылықтар. Ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету – басты назарда. Осы атаулы дата аясында әрбір ардагерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, «Ардағым – ардагерім», «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары шеңберінде медициналық және әлеуметтік көмек ұйымдастырылуда – дей келе, зұлмат жылдардың өлшеусіз зардабына кеңінен тоқталып, қастерлі мерекемен барша қауымды құттықтап, бейбітшіліктің қадірін білуге үндеді.

Мерекелік бағдарлама аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, танымал әншілер Бауыржан Қаңтарбай, Нұртас Қайратұлы соғыс жылдарына арналған рухты әндерді шырқады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 196 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет