Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:27

Төсі төрт түлікке толған Таусүгір

Тауқаратұрық ауылы – «Таусүгір» кеңшары,  бұрынғы Шелек ауданындағы ең ірі қой шаруашылығының бірі болды.  Кеңшар кезінде 53 мың бас қой, 3 мың бас жылқы,  сонымен бірге бидай, жүгері, тағы басқа да дәнді дақылдар өсіріп, егін шаруашылығымен  де айналысты.

Кеңшардың жер көлемі де үлкен болды. Басы Қызыл қайнар, Бұрандасу, Сарыбұлақтан бастап, соңы Культурный, Шолаққа келіп тіреледі. Сондай-ақ Асы жайлауының да көптеген жері де осы кеңшарға тиесілі болды. Қазіргі уақытта да Асы жайлауын Тауқаратұрық ауылының мал шаруашылығымен айналысатын ірі шаруа қожалықтары жаз айларында жайылым ретінде пайдаланып келеді.

Кеңшар құрылғанда, оның алғашқы директоры болып Н.Өтегенов, С.Рахымбаев, ал соңында Б.Доғалов басқарды. Ауылдың мерейтойына қатыс-қан Бәшен ақсақал «Таусүгір» қой кеңшары таратылып, қоғамға мүше болып кірмейтіндер өз үлестерін алып, бөлек шаруа қожалық құрғанын, үлеске таратылғаннан  қалған жер, мүлік жаңадан құрылған акционерлік қоғамға өткенін тілге тиек етті.

Акционерлік қоғам өз жұмысын 1998 жылға дейін  жалғастырады. Сол жылдан бастап тұрғындарға тиімсіз болған қоғам, жекеменшік ауыл шаруашылық кооперативі болып қайта құрылады. Кооператив 2003 жылға дейін істеп, банкрот болады.

Қазіргі кезде Қаратұрық ауылдық округіне қарайтын  Тауқаратұрық, Мелиоратор ауылындағы халық саны 2200-ден асып, 330-дан аса шаруа қожалық жерлеріне көкөніс, жүгері, жо-ңышқа егіп мал өсірумен айналысып, өзін-өзі жұмыспен қамтиды, түрлі салаларда қызмет етеді.

Қазіргі уақытта Тауқаратұрық ауылында тұрғындар 1600 ірі қара, 7500 ұсақ мал, 470 бас жылқы өсіріп, әлеуметтік жағдайын жақсартуда. «Ақбұлақ» және «Жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру мақ-сатында ауыз су мәселесі шетінен шешіліп, су жүйесін тарту жұмыстары жүргізілген. Ауылдық жаңа  дәрігерлік амбулатория салынған. Тұрғындар кезінде жекеменшікке өтіп, қараусыз  тозығы жетіп, қаңырап тұрған мәдениет үйінің  қайтадан көпшілік игілігіне асыруды  асыға күтуде.

«Елу жылда ел жаңа» – демекші, міне Тауқаратұрықтың 60 жылдығын тойлап, жұрт мәре-сәре. Мәдениет үйінің жанына Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен тыл еңбегінің ардагерлеріне арнап, «Даңқ алаңы» атты ескерткіш орнатыпты. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Талғат Ескендірұлы, Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев,  басқа да белсенді азаматтар қатысып, бата беріліп, гүл шоқтары қойылды.

Садық Аманжолов атындағы мектеп ауласына сахна құрылып, жұрт алдында аудан әкімі Талғат Байеділов баяндама жасады. Тәуелсіз еліміздің  даму жолында аянбай еңбек еткен, Тау-қаратұрық  ауылының 60 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін бірнеше белсенді азаматты алғыс хатпен марапаттады. Мереке барысында сөз алған Бәшен Доғалов, Елеусіз Сұлтанғазиев ақсақалдар ауыл тарихынан сыр шертіп, өткен кезеңді еске алысты.

Ауылдың ақсақалы Мұрат Шамшидинов қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетілді. Мектеп ұжымы ұйым-дастырған концерттік бағдарлама тамашаланды. Жеңіске үлес қосқан ардагерлерге арнап ас берілді. Түрлі ойын сауықтар ұйымдастырылды.

Ауылдың 60 жылдығына арналған қуанышқа жырдан шашу шашқан, тау-қаратұрықтық тұрғын, айтулы ақын Болат Үсенбаевтың «Таусүгірім» атты өлеңімен мақаламызды аяқтайық:

Әркімге өскен жердің сынағы ауыр,

Кеудемді кернеп, тасып тұрады-ай жыр.

Таусүгір деген таудың атын алған,

Жарты ғасырдан асыпты-ау мына ауыл!

Талайды тамсандырған тау етегі,

Жаратқан жердің бұл бір мәуесі еді.

Тамылжып, таңдандырып таң атқанда,

Төбеңнен төгілген нұр сау етеді.

Жарқырап самаладай шырақтары,

Алпыс жыл бұрын мұнда ел тұрақтады,

Мінекей, енді атанды үлкен ауыл,

Әркімнің туған жері – жұмақ бағы.

Қашанда қымбат өткен нарқы күннің –

Сәттері шаруа қуып, шарқ ұрудың.

Қарттардың әжімінде сай-салалы,

Тарихы тұрған сынды Таусүгірдің.

Бұл аймақ жұлдыздарын жамыратқан,

Қой бағып, қозыларын маңыратқан.

Өрекпіп, өршеленер тау – талабы,

Өзендей Таусүгірді жарып аққан.

Тауы тұр заңғарменен таласқалы,

Кеңіпті күнде мұнда керегелер,

Керемет келер күнге ере келер.

Ішінде бақыт нұры тұнып тұрған,

Жайнаңдап, жарқырайды терезелер.

Тұрғызған бұл ауылды нар адамдар,

Сеніммен келешекке қарағандар.

Тұрғызған қандай ғажап сарайларды,

Ағайын, сенбесеңдер аралаңдар!

Атаймыз біз олардың бәрін батыр,

Бұл жерде нарың да тұр, дарын да түр.

 Өмірден өтіп кеткен абзалдарды,

Құшақтап, анау жақта қорым жатыр.

Ел-жұртты егесіндей саналы ардың,

 Мен де бір түлеп ұшқан шағалаңмын.

Таусүгір – есігі ғой бабалардың.

Таусүгір – бесігі ғой аналардың!

Жан нұры ұялаған жанарына,

Қараңдар, арулардың жамалына,

Қараңдар жігіттердің жігеріне,

Сай туған сайболаттай заманына!

Өседі ерен туған ұрпағымыз,

Туады тұлпарымыз, сұлтанымыз!

«Ел жаңа елу жылда» деген сөз бар,

Жаңарған жақсы мезгіл – бұл шағымыз!

Таусүгір, орның бөлек барша әлемде,

Ұқсайсың бұтақ жайған қарт еменге,

Таусүгір, мерейтойың құтты болсын,

 Өсе берсін мерейің, мәртебең де!

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 35 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлықты мереке ұлт жадында Ер есімі – ел есінде »

Соңғы жаңалықтар

Мам 15, 2025

Кәсіптік аурулардың алдын-алу…

 Кәсіптік аурулар — адамның еңбек қызметі барысында зиянды және қауіпті өндірістік…
Мам 15, 2025

День семьи: многодетная мать из…

В городе Конаеве более 600 многодетных матерей получают поддержку от общественного…
Мам 15, 2025

Вдвое больше воды, чем за…

Всего с начала текущего поливного периода местные фермеры получили 44 млн кубометров…
Мам 15, 2025

Суару кезеңі басталғалы Жамбыл…

Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі…
Мам 15, 2025

Астанада қазақстандық өндірушілердің…

Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің…
Мам 15, 2025

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ…

Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесінің негізгі…
Мам 15, 2025

Т.Молдағалиев атындағы аудандық…

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның премьері Уинстон Черчилльге қаржы министрі ел…
Мам 15, 2025

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік…
Мам 15, 2025

Шебердің қолы - алтын

Сағат Қалыбек ҚХР-ның Мұңғұл күре ауданына қарасты Ақсу ауылында 1972 жылдың 15…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет