Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:07

Ер есімі – ел есінде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры  Төле Кенжебаевтің туғанына 123 жыл толуына орай  Шелек ауылындағы Төле батыр атындағы орта мектепте үлкен игі шара өтті.  Аталған мереке Ел деп өткен ерен тұлғалардың есімі – ел есінде мәңгі сақталатынына тағы бір дәлел болды.

Мектеп ауласындағы Кеңес Одағының батыры Төле атаның  бюсті  алыстан  «мен мұндалайды». Ішке бастайтын жүргінші жолдың шетіне  орналасқан «Ерлі-гің ел есінде, Ер ТӨЛЕ» атты көрнекілік еріксіз өзіне мойын бұрғызады.

Онда: «Бар ғұмырын келешекке арнаған,

Батыл жүрек Төле атадай бар ма адам?!

От пен оққа қарсы қойып кеудесін,

Жеңіске ол жақындатты он қадам», –

деген бір шумақ өлеңмен батырдың ел қорғаудағы ерлік ісін осы бір ауыз өлеңге сиғызып, сұм соғысты көз алдыңа елестетеді. Сонымен бірге батырдың ерлік істерін дәлелдейтін құжаттары – «Кеңес одағының батыры» атағы, «Ленин» «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен «Ерлігі үшін» және басқа да медальдары берілген деректер де өр жауангердің ерлігі  елге – мұра, ұрпаққа – ұран екеніне  көз жеткізеді. Одан кейінгі көрнекіліктегі Төле атаның бейнесі мен өмірбаянынан соғыстың ғана емес еңбектің де ерен іздерін қалдырғаны кейінгі ұрпаққа үлгі болып, өнегеге ұмтылдырғандай әсер қалдыратынын аңғарасыз.

Мектептің екінші қабатына көтерілгенімізде, залда да Төле Кенжебаев туралы көрнекіліктер мен суреттер  ілініп, оқушыларға батыр аталарының  ерлігі мен өмір жолы болашаққа жол сілтеп тұрғандай. Залдың батыс жағындағы шағын кабинетті Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңына орай мектеп ұжымы, батырдың туыстары бірігіп, музей ашыпты.  Бөлме терезесіндегі перде де ерекше безендірілген. Есікті ашып, ішке енгенде, бірден терезедегі  елдің елдігін білдіретін көк туымыздан елес беретін көгілдір түсті пердедегі батыр атамыз – Таскентбайұлы Төле Кенжебаевтың суреті көзге оттай басылды. Жаңа ашылған музейдің оң жақ қабырғасы тұтас Төле Таскентбайұлының және отбасымен, ұр-пақтарымен түскен суреттері, соғыстағы ерлігін еске түсіретін орден, медальдарының құжаттары бейнеленген. Оның жоғарғы жағына «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» деген қанатты сөз оқыған жанды рухтандырып,  оған:

«Ерлік – үлгі көнеден,

Ерлігін елі елеген.

Батыр болып туған ұл,

Кенжебаев Төле де», – деп  жігерді жанитын мына бір шумақ өлең орналастырылыпты.

Оқушылар алдында сөз алған Төле атаның кенже ұлы Дәулет әкесінің ерлікке толы естелігін әсерлі етіп, әңгімелеп берді.

«Соғыстан кейін алаңсыз ауылда еңбек етіп жүрген бейбіт күндердің бірінде, үйге әскери киім киген ейел азаматша келді. Ол кезде әкеміз саятшылық жасап, табиғат аясында жүрген. Әлгі әкемді іздеп келген әскери азаматша, елді жинап, жиын ашып, көп ұзамай қайта келетінін айтты. «Сол кезде  міндетті түрде Төле Кенжебаев қатысатын болсын! Бір жақсылық бар», – деп ескертіп айтып кетіпті» – деп өткен күнді еске алды.

Төле Таскентбайұлы аттың құлағында ойнайтын, суда да емін – еркін жүзе алатын, барлық іске епті адам болған екен. Атаны әскер қатарына шақырып, Чита қаласында атты әскер қатарына қосып, дайындықтан өткізгенде, басқалары ат үстінде нық отыруға үйрене алмай, әуре-сарсаңға түскенде, Төле атпен шауып келе жатып, секіріп түсіп, қайта ат үстіне секіріп мініп, командирлерді таңырқатыпты.  Бала кезден Іле өзенінен ары-бері жүзіп өтетін  болашақ батыр, суға жүзуден де үздік болыпты. Міне, осындай жігітке тән сан қыры соғыста көп пайдасын тигізген екен.

Днепр өзенінен өтердегі ел тағдырын шешетін соғыста өзіндік үлес қосқан Төле Таскентбайұлы тақтайға шөп орып салған мөшекті екі жағына байлап алып, өзеннен ары бері екі рет жүзіп  өтіп, Кеңес әскерлеіне қалытқы салды жеткізіп береді. Осындай ерлік кезінде қолынан жараланса да, бірнеше фашист солдаттарын атып өлтіріп, бір офицерді тұтқындайды. Осы ерлігін көрген бір Кеңес офицері Төленің  тұратын мекен жайын, отбасындағы адам аттарын жазып алған екен. Одан алдыңғы шайқаста да ерлігімен еленген ол «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған-ды. Міне, осындай ерлігін әңгімелеген Дәулет Төлеұлы, кейін ауылға әскери адамдар келіп, атасына Кеңес Одағының Батыры атағын арнайы табыстап кеткенін  айтып берді.

Келесі шара мектептің ойын алаңында 6 сынып пен 10 сыныптар арасында он бірдей жасұландар командасы өзара сапқа тұрып, командирдің тапсырмасын орындаудан, бір орында тұрып немесе жүріп бара жатып бұрылу сияқты жаттығуларды орындаудан, ән салып, сапта жүріп өтуден жарыс өткізді. Соңында жүлделі орындарға ие болған командалар мен командирлерге, сондай-ақ барша қатысушы топтарға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табысталды.

Келесі кезеңде Шелек ауылындағы өзге мектептерден келген командалар арасында эстафеталық жарыс-тар ұйымдастырылып, оқушылар арасында Волейбол ойынынан жарыстар өтті. Батырдың ұрпақтары мектепке арнайы сыйлықтарын тапсырып, аталарының музейі әлі де Төле атамыздың пайдаланған заттармен, киімдермен толығатынын айтып, естелікке суретке түсті.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 222 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет