Бейсенбі, 22 Мамыр 2025 15:21

Елге мереке сыйлау — мәртебелі міндет

Барлық мерекені, іс-шаралар мен мемлекеттік рәсімдерді мәдениет қызметкерлерінің өткізетіні белгілі. Бар уақытын халыққа арнап,

думанды мерйрамдарда өздеріне, отбасыларына көңіл бөле алмай жататын да осы саланың қызметкерлері. Сол себепті де, мәдениет қызметкерлері мен өнер адамдарына лайықты көңіл бөліп, құрмет таныту қашан да керек-ақ. 21 мамыр елімізде «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекеленеді. Мемлекеттің даму жолында, ұлтымыздың болмысын әлемге әйгілеуде – өнер адамдарының үлесі орасан. Осы орайда аудандық әкімдіктің үлкен залында мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтау рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дархан

Ахметов, аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен агропром кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Мықыбаев және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Алғашқы мерекелік құттықтау сөзін алған Ерболат Сарабекұлы мәдениет пен өнер қызметкерлерінің қоғамдағы алар орыны ерекше екенін атап өтіп, кәсіби мерекеге сай ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, мәдениет саласында еңбек етіп, қызметтерін абыроймен атқарып жүрген жандарды аудан әкімі Талғат Байеділовтің алғыс хаттарымен марапаттады.

Өз кезегінде Жұман Сем-байұлы кәсіби мереке иелерінің қызметтерінің қиындығына тоқталып, еңбектерінің жемісті болуын тілеп, музыкалық қондырғы құралын сыйлады. Сондай-ақ, Дархан Бекетұлы өз ісінің үздігі бола білген бірқатар мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыс етті.

Шара барысында Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметов мәдениет саласына қолдау танытып жүрген басшылық тарапына, ұйымшылдықпен жоғары деңгейде жұмыстарын атқара білген ұжымдастарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Болашақта тың серпін мен жағымды жаңалықтардың көп болатынын жеткізді.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкері, танымал әнші Нұртас Қайратұлы «Ләйлімсің» атты жаңа әнін шырқап, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Жиын соңында шараға қатысушылар естелікке суретке түсіп тарқасты.

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 413 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет