Бейсенбі, 22 Мамыр 2025 15:28

Мектептегі құқықбұзушылық қашан тоқтайды?

Кез келген ата-ана үшін баладан артық байлық жоқ. Оның дені сау, санасы ояу болып өсуі – ата-ананың басты арманы. Әрбір  айтқан  сөзің, көрсеткен үлгің – бала бойына  сіңірілетін үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Өзіңнен кейінгі ұрпақ жалғастырар кішкентай балаңа қарап, қиын сәттерде берілмеуге ерік-жігер аласың. Бәлкім, сол үшін де бала – әке мен ананың өмірінің мәні. Ал ол баланың тәрбиесі – отбасыдан басталып, қоғаммен жалғасатын жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететін  құндылық. Осы орайда қаламызда, «Шығармашыл  орта – жауапты ата-ана – табысты бала» тақырыбында аудандық форум өтті.

 Бала – таза парақ  сияқты. Оған не жазылса, болашағы соған байланысты.  Сондықтан балаға тек жақсыны үйретіп, дұрыс жол көрсету – ата-ананың басты міндеті. Баланың армандарына  қанат бітіріп, қиялына ерік беру керек. Тек сонда ғана шектеусіз армандап, сол арманына жете алатын еркін, өжет әрі зерек ұрпақ тәрбиеленеді. Бала тәрбиесінде ата-анадан бөлек, қоғамның тигізер әсері зор. Мектеп табалдырығын атта-ған сәттен бастап, бала қоршаған ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Сәйкесінше баланың санасын айналасындағы адамдардың сөзі, іс-әрекеті қалыптастырады.

Форумға мектеп директорлары, орынбасарлары, прокуратура өкілдері, білім бөлімінің қызметкерлері, психолог, сынып жетекшілер, ата-аналар,  оқу белсенділері, құқық бұзушылық әрекеттерімен мектепішілік, ювеналды полиция есебінде тұрған оқушылар қатысты. Іс-шара психолог  Назигүл Темірғалиеваның тренингінен басталды. Тәжірибелі психолог мектеп оқу-шыларының бір-бірімен қарым-қаты-насы қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Одан бөлек өзіңнен кішіге әлімжеттік көрсету – бұрыс әрекет еке-нін де атап айтты. Психолог іс-шараға қатысушыларға өзін-өзі бағалау үшін жасалатын практиканы қолданды. Алдымен сергіту жаттығуларын жасап, кейін әр адам өзін суретке түсіріп, сол суретті кез келген әлеуметтік желіге салуды тапсырды. Аталған практиканы орындау барысында, форумға қатысушылардың көңілі көтеріліп, зал ерекше жылы атмосфераға толды.

Аудан прокуроры Бауыржан  Ыбраев құқықбұзушылықтың алдын-алу қоғамның тұрақтылығы мен болашағы үшін аса маңызды мәселе деген мәлімдеме жасады.

– Оқушылар арасында құқық бұзу-шылық орын алмау үшін ата-ана, мектеп, құқық қорғау органдары бірлесіп жүйелі жұмыс атқаруы қажет. Ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіру үшін – мектептерде арнайы сабақтар өткізіледі. Бұл өз кезегінде нәтижелі болады деп сенемін, – деді аудан прокуроры.

Форумда аудан мектептерінің оқу белсенділері де бой көрсетті. Олар «Мектеп парламенті – тәртіп пен құқықбұзушылыққа қарсы ортақ істің ұйытқысы», «Адал ұрпақ – ұлт бола-шағының кепілі», «Заң мен тәртіп – адал азамат, озық ойлы ұрпақ», «Ел ертеңі – менің қолымда», «Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі», «Дана ата-ана дарынды ұрпақтың шамшырағы» тақырыптарында ой өрбітті. Мектептерде атқарылған істерді тізбектеп, оның құндылығы жайлы сөз қозғаған балалар, ата-аналар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Форум соңы оқушылардың әсем әні мен көңіл-ге жылулық сыйлайтын әдемі бимен аяқталды.  

                Ж.САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 532 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет