Сейсенбі, 27 Мамыр 2025 12:24

Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы облысында балалардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.
Облыста бүгінде 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді, ал 2025 жылдың алғашқы төрт айында 9 037 сәби дүниеге келген. Ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатында патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі енгізілген. Бұл модель жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға сапалы әрі уақтылы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
«Балалардың амандығы мен саулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан біз олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз», – деді Лейла Серікбаева.
2024 жылдан бастап өңірде адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні 14 683 жасөспірім қыз екпеден өтті. Бұл – жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудағы маңызды қадам. Сонымен қатар, облыс бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жалғасып жатыр.
2025 жылы 509 мыңға жуық бала профилактикалық тексеруден өтуі жоспарланған. Осы уақытқа дейін 16 882 түрлі ауру жағдайы анықталды. Балалар арасында стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін «Болашаққа – сау тіспен» жол картасы жүзеге асырылуда. Оның аясында мектептерде жаңа стоматологиялық кабинеттер ашылуда.
«22 мамырдан 1 маусымға дейін облыс бойынша балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, тұлғалық дамуына арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Оған медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар белсенді қатысуда», – деп атап өтті.
Бұл бастамалар балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығын нығайтуға және қоғам назарын бала тұлғасының маңыздылығына аударуға бағытталған.

Оқылды 332 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет