Сәрсенбі, 25 Маусым 2025 16:46

Шарыннан Тәж-Махалға дейін: Екі елдің туризмін тоғыстырған бизнес-форум

Алматы облысы әлемдік туризм картасындағы орнын айқындай түсті. Мұнда Үндістан мен Қазақстан арасындағы ірі туристік бизнес-форум өтті. Бұл шара екі елдің туризм саласын байланыстыратын ғана емес, тікелей әуе қатынастарын дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени алмасуды күшейтуге арналған маңызды алаң болды.
Форумды Алматы облысының Туризм басқармасы мен Үндістан Елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Үндістан, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 200-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар қатарында туризм, қонақ үй, көлік және әуе тасымалдау салаларының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар бар.

"Алматы облысы – табиғаты таңғажайып, инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы, Қаскелең шатқалдары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылып келеді. Соңғы бір жылдың ішінде Үндістаннан келген туристердің саны екі есе артты", – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.
Форум аясында іскерлік сессиялар, B2B кездесулер, туристік бағыттардың таныстырылымы, логистика және тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды. Алғашында 100 қонақ күтілгенімен, шараға 200-ден астам адам, оның ішінде 70-тен астам шетелдік компания өкілдері қатысты. Бұл бастамаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

Форумда көлік қатынасына ерекше назар аударылды. Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасында аптасына 15 тікелей рейс қатынайды, олардың басым бөлігі Алматы бағытына тиесілі. Air Astana, SCAT және Алматы халықаралық әуежайының өкілдері алдағы уақытта жаңа бағыттар ашуға дайын екендерін жеткізді.

"Қазақстан – біз үшін жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Үнді туристері бұл елге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мұнда ғажайып табиғат, қауіпсіздік және қонақжай халық бар. Біз Алматы облысымен ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз", – деді үндіcтандық Travel компаниясының өкілі Аканша Чотхари.
Форум аясында мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық киімдерді, қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды тамашалап, түрлі тағамдардан дәм татты. Әсіресе, күрд диаспорасының музыкалық және би бағдарламасы ерекше әсер қалдырды.

"Біз Қазақстанның көпқырлы екенін көрсеткіміз келеді. Біз өзімізді сөзбен емес, өнеріміз, мәдениетіміз және ұлттық құндылықтарымыз арқылы танытамыз", – деді Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.
Форумға ірі туроператорлармен бірге жас кәсіпкерлер де қатысты. Quick Travel компаниясының негізін қалаушы Хаким Ма үнділік серіктестермен келіссөздер бастағанын және бірлескен турларды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.

"Үнді студенттерінің көбеюі, тікелей рейстердің артуы және қолайлы логистика туристік байланысты нығайтудың тұрақты негізін қалыптастырады. Алматы қазір Қазақстан ғана емес, Орталық Азияға апаратын қақпаға айналып отыр", – деді кәсіпкер.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша елімізде үздік үштікке енді. 2023 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер ағыны 60%-ға артты. Үндістан-Қазақстан туристік форумы сияқты бастамалар өңірге деген қызығушылықтың уақытша емес, ұзақ мерзімді екенін көрсетіп отыр.

Бұл форум Алматы облысына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.

 

https://stan.kz/sharinnan-tazh-mahalga-deyin-eki-eldin-turizmin-togisti-419841/

Оқылды 422 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет