Өткен санымызда аудандық мәслихаттың аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLIV сессиясы өткенін хабарлаған едік. Сессияға қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты. Жиынды жүргізген аудандық мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып, күн тәртібін таныстырды.
Оар – Кезектен тыс XLІV - сессияның күн тәртібін бекіту, «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы VIII-35-161 «Еңбекші-қазақ ауданының 2025-2027 жыл-дарға арналған бюджеті туралы» шеші-міне өзгеріс енгізу, «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы 2025-2029 жыл-дарға арналған коммуналдық қалдық-тарды басқару бағдарламасын бекіту, «Еңбекшіқазақ ауданында коммунал-дық қалдықтарды басқарудың 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту, «Еңбекшіқазақ ауданының Қа-ракемер ауылдық округіне қарасты Қаракемер, Талдыбұлақ, Сатай ауылда-рының, Қорам ауылдық округіне қарасты Қорам ауылының, Бәйдібек би ауылдық округіне қарасты Бәйдібек би ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, «Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау, ауданымыздағы тұрғын үй көмегін көр-сетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы мәселелер сараланды.
Алғашқы сөзді алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжанбайұлы күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша яғни, «Еңбекші-қазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы VIII-35-161 «Еңбекшіқазақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» баяндамасымен таныстырды:
– Ауданда орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 89 %-ды құрайды, орталықтандырылған – 71, орталықтандырылмаған – 8 елді мекен бар, бір ауылға ЖСҚ жасалуда. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 71 елді мекеннің 43 ауылында немесе 60%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2024 жылы Есік қаласы, Рахат, Өрікті, Қызылжар, Бәйдібек би, Бөлек, Әймен, Қарасай, Түрген, Шелек, Нұра, Қазақстан, Ащыбұлақ елді мекендерінде ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде жалғасып келеді. Оның ішінде Нұра, Бәйдібек би, Қазақстан ауылдарында 87 км ауыз су құбырларының құрылысы аяқталды. Ал, 10 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылысы 2025 жылға өтпелі, жалғасатын болады.
2025 жылы су құбырларының құры-лысына жалпы 7 млрд 239 млн теңге қаражат бөлінді. Мұның сыртында, 2025 жылы Бәйсейіт және Қайназар ауылдарында су құбырларының құрылыс жұмыстары іске асырылатын болады, жұмыстарды бастау үшін – 100 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жобалардың жалпы құны – 4,5 млрд теңге. Ал, Азат ауылының су жүйесін қайта жаңғырту және құрылысына ЖСҚ, мемлекеттік сараптамасы бар. Бүгінгі күні құрылыс жүргізуге қаражат бөлу үшін Астана қаласында «Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы комитетінде» қаралуда. Одан бөлек 11 ауылды сапалы ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ жасалуда, жобаларды аяқтауға 2025 жылы 185 млн теңге бөлінді, сараптамадан осы жылдың қыркүйек айында шығады деп жоспарлануда.
Кәріз жүйесі бойынша – Шелек, Бәйдібек би ауылдарының кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары биыл жалғасатын болады, Есік қаласы және Түрген ауылында кәріз жүйесінің құры-лына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде, мамыр айында сараптамадан шығады. Есік қаласының кәріз жүйесінің құрылысына ЖСҚ 2023 жылдаң басталған, бүгінде мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобалаушы мекеме – «АстанаТехстройПроект» ЖШС, ЖСҚ құны – 85 млн теңгені құрайды. Бәйдібек би ауылының кәріз жүйесін жаңғыртуға 2024 жылы 2,5 млрд. теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы 15 км құбыр тартылып, 320 кәріз құдығы орнатылды, 1 млрд 402 млн теңге игерілді. Шелек ауылындағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жалғасуда, 2024 жылы 412 млн теңге қаражат бөлінді, құрылысты толық аяқтауға 679 млн теңге қаражат қажет. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 85% аяқталды. Түрген ауылының кәріз жүйесінің бұрынғы жобасында, тек ауыл іші желілері қарастырылғандықтан тазарту қондырғысының құрылысына ЖҚС әзірленіп, сараптамадан өтуде – дей келе, су жүйесі бойынша толық ақпаратын ортаға салды. Сондай-ақ, электр эелілері, елді мекендерді газдандыру, блокты модульді қазандықтар, интернет жұмыстары бойынша көлемді есебін берді.
Жиын барысында ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрадин Дабылбайұлы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержігіт Ерланұлы, Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Дархан Бекетұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Оспанәліқызы өз бөлімдеріне жүктелген міндеттер мен атқарылатын мақсатты жұмыстарымен бөлісті. Аудандық мәслихат депутаты Дәурен Қайыржанұлы депутаттық ұсыныстарын баяндады.
Сұрақ-жауап кезегінде депутаттар қауымы қарап қалған жоқ. Баянда-машыларға ел көкейіндегі өзекті мәсе-лелері мен талап-тілектерін жеткізіп, сынға ұшыраған жұмыстарды да жіпке тізді.
Өз кезегінде Бекет Төлегенұлы сын мен ойды бүкпесіз жеткізіп, бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.
Ринат НАРХАНОВ.