Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:21

Ұлттық спорттың өрісі кеңеюде

Кейінгі жылдарда ұлттық спорт түрлерін дамытуға көптеп көңіл бөлініп жатыр. Ұлттық спортымызға жасөспірімдердің де қызығушылығы уақыт санап өсіп келеді. Осы орайда «Жамбы ату» спорты ауданымызда жақсы даму үстінде.

Жамбы ату – ерте замандардан келе жатқан әскери дайындық түрі десек болады. Шауып келе жатқан ат үстінен жоғарыда ілінген күміс нысананы садақпен дәл көздеп ату – жауынгердің ептілігі мен мергендігін айқындайтын өнер. Жуырда Еңбекшіқазақ ауданындағы Тескенсу ауылдық округі, «Қазақстан» этно ауылында жастар мен жасөспірімдер арасында «Жамбы ана» атындағы облыстық ашық турнир өз бастамасын алды. Бұл жарысқа 5 команда құрамындағы жиырмаға жуық мерген қатысты. Турнир 8-10 тамыз аралығында жалғасын тапты.

Турнирдің ашылу салтанатында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы, Жамбы ананың баласы Бекет Төлегенұлына алғашқы құт-тықтау сөз ұсынылды. «Еліміз-дің әлеуметтік-экономикалық бағыты өсіп, өніп келе жатыр, соның нәтижесінде, біз бүгін ат спорты, соның ішінде, ұлттық спортқа ерекше көңіл бөліп отырмыз. Өзінің салт-дәстүрін, тарихын білмеген ел, мемлекет болып құрылуы мүмкін емес. Біздің мақсат – ұлттық спортты дамыту, насихаттау», – дей отырып, осы саланы дамытып жатқан азаматтарға шексіз алғысын білдірді.

Жамбы атудан Алматы облысының бас жаттықтыру-шысы, федерацияның атқару-шы директоры және де осы турнирдің ұйымдастырушысы – Алдияр Жақатұлы: «Бүгінгі жарыс жамбы анамыздың әруағы риза болсын деп, ұлттық спортымыз жалғасын тапсын деген ниетпен ұйымдастырылған іс-шара. Осындай жарыстар ауыл туризмі мен экономиканы жақсартуға, дамытуға үлесін қосады деп сенемін. Себебі «турнир өтеді» дегеннен бастап қытай халқы, француз ұлтының адамдары «Құт» этно ауылымызға келіп, жамбы ату спортының қандай екенін білуде», – дейді. Сонымен қатар қонақтар мен келушілер үшін қолдан жа-салған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылғанын және бал арасымен айналысатын ауыл тұрғындары өздерінің еңбектерін таныстырып, көр-сетіп жатқанын байқадық. Осы бастама жалғасын табатынына, халық қолдайтынына сеніп отырған ұлттық спорттың жана-шырларының сенімі ақталса екен деген таза ниетімізді білдіреміз!

Аталған сайысқа қатысушы-ларымыздың бірі, Алматы қаласының атынан шыққан – Аружан Жаңбырболаттан бұл спорт түріне қызығушылығы қалай пайда болғаны жайлы, жалпы жарысқа дайындық барысы қалай өтетінін, жамбы ату спорты бойынша жетістіктері мен атпен қалай байланыс орнататынын сұраған едік. Аружан: «Әкем көкпар тарт-қаннан кейін, атқа деген қызы-ғушылығым 13 жасымнан басталды. Бұл сайыста ең маңыздысы – атқа үйлесім мен қол мергендігі. Жарыс болатынын білгеннен бастап, күнде үзбей жаттығу жасай жүріп, атты да дайындаймыз. Атты таңдарда да сырт бітімі мен қанына қарап, бірінші жүргізіп, өзімнің ыңғайыма үйретіп ал-ған соң шауып, солай бабын тауып аламын», – дейді. Сонымен қатар өзінің жамбы атудан Қазақстан чемпионы және спорт шебері екенін атап өтті.

Аталған дүбірлі додаға 8 ұл, 8 қыз қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша қыздар арасында азия стильден: I орынды – Аружан Ықсан иеленсе, II орын – Елдана Асылханға бұйырды, ал III орынға – Айым Берік лайық деп танылды. Ұлдар арасында азия стильден: I орын тұғырына – Нұрдаулет Тұрсынбай жайғасса, II орын иегері блып – Нұрдос Берікұлы танылды, III орынға – Бекарыс Жарылқасын жайғасты.

Ал, жамбы ату стиль қоры-тындысы бойынша қыздар арасында: I орынды – Айым Берік жеңсе, II орын жүлдесі – Аружан Ықсанға табысталды, III орынды – Жанерке Сүлейман еншіледі, ұлдар арасында I орынды – Нұрдос Берікұлы, II орынды – Бекарыс Жарылқасын қанжығалады, III орынды – Мейіржан Омар алды.

Қой – бас жамбы, Алматы қаласының мергені – Бекарыс Жарылқасынға бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама, медаль және арнайы дипломмен марапатталды.         

Аяжан ҒАЗИЗҚЫЗЫ.

 

Оқылды 304 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет