Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:25

Шахмат – ой ұшқырлығының көрсеткіші

Шахмат – екі адам ойнайтын ежелден келе жатқан зияткерлік ойын. Бұл ойын логиканы, есте сақтауды, стратегияны  және төзімділікті дамытады.

Шахмат  ойынының тарихы Үндістаннан бастау алады. V-VI ғасырларда «Чатуранга» деп аталатын ойын қазіргі шахматтың негізі болды. Кейін ол  парсы, араб елдері арқылы Еуропаға тарады.

Орта ғасырларда шахмат ақсүйектердің ойыны ретінде танымал болған. Осы орайда, аудандық мәдениет үйінде «Саламатты өмір – ұзақ ғұмыр кепілі» атты ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан  іріктеу турнирі өтті.

 

Жарыстың салтанатты ашылу бөлімінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқар-ұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысу-шыларға сәттілік тіледі. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Дүйсебайұлы іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылығын арттыру екендігін тілге тиек етті. Спорттық сайысты «Ардагерлер ұйымы» және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Сайыс ережесімен бас төреші  Серік Оразұлы таныс-тырды. Ойыншыларға 20 минут уақыт берілетіні ескертілді. 19 қатысушы  шахмат пен дойбы ойынына қатысты. Қатысу-шылар санына байланысты айналма немесе швейцар жүйесімен жеке есепте саналды. Сайыс нәтижесі бойынша шахматтан жүлделі I орынды – Хауан Семсерхан,  II орын – Шәріпбек Бурашев, ал III орынға –  Талғат Жанпейісов жайғасты.Ал дойбыдан I орын – Хауан Семсерхан, II орынды – Талғат Жанпейісов пен Серікбай Жыл-қыбаев иеленсе, III орынға Тоқтанбай Өмірзақов пен Әсет Жаныспаев ие болды. Шахмат ойыны бойынша Хауан Семсерхан, Шәріпбек Бурашев дойбыдан  Талғат Жан-пейісов пен Серікбай Жыл-қыбаев облыстық турнирге жолдама алды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

 

Оқылды 319 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет