Жуырда Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық акциясы аясында бірқатар игі іс-шаралар өтті. Бұл жоба әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асып, басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға нақты көмек көрсету болды.
Қайырымдылық – қоғамның рухани негіз-дерінің бірі. Осы тұрғыда қолға алынған «Жүректен жүрекке» атты акция барысында ауданның әртүрлі елді мекендеріндегі көмекке мұқтаж жандарға (26 отбасыға) азық-түлік себеттері, қажетті тұрмыстық заттар таратылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, олардың мұң-мұқтажы тыңдалды, қолдау шаралары көрсетілді. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында 20 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «Шын жүректен» атты ұранмен тыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға ерікті жастардың қатысуымен аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жастар ресурстық орталығы мен «Іле Мұра-гер» қоғамдық бірлестігінің белсенділері және еріктілері аталған шараға жоғары деңгейде атсалысып, қоғамдағы бірлік пен мейірімділік қағидаларын нақты іспен дәлелдеді. Іс-шара барысында жергілікті тұрғындар тарапынан жылы лебіздер мен алғыстар айтылып, мұндай шара-лардың маңыздылығы ерекше аталды.
Қайырымдылық – бұл тек материалдық көмек қана емес, ол – адамға деген жанашырлық, қам-қорлық пен ізгілік. «Қайырымдылық керуені» осы қағидаларды басты бағдар ете отырып, аудан халқының жүрегінен орын тапты.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік пен өзара қолдаудың нақты көрінісі екені сөзсіз. Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, қайырымды істер арқылы көпшіліктің көңіліне үміт пен сенім ұялататынына сенім мол.
Қ.ҚҰРМАНЖАНОВА,
«Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.