Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 10:48

Ажырасу оңай ма?

Қазіргі қазақ қоғамының өзекті де өткір мәселелерінің бірі – ажырасу. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады екен. Бір-бірін шын сүйіп қосылған қос ғашықтың екі жаққа кетуіне не себеп? Қоғам? Ата-ана? Кім кінәлі?

«Үйлену оңай – үй болу қиын» демекші, көптеген жастар үйленіп, отау құрған соң, екеуінің өмірі ертегідегідей болады деп ойлайды.  Ал шын мәнінде, екі адамның бір шаңыраққа сиып, үлгілі отбасына айналуы үшін біраз уақыт пен төзім керек. Қазіргі таңда, еліміз әлем бойынша  ажырасудан  2 орында тұр. Бұл – жантүршігерлік көрсеткіш. Біз бұл деңгейге қалай жеттік? Осы жайлы кеңінен тарқатып көрелік.

 Ажырасу дегеніміз  – заңды түрде некені бұзу. Ежелде қазақ  қоғамында ажырасу өте сирек болған екен. Бір мәмілеге келе алмаған екі жасты ауыл ақсақалдары өз ақылдарын айтып, шаңырақтарының шай-қалмағандығы дұрыс екенін түсіндірген. Ол заманда ажырасу – үлкен күнә, ұят, тіпті қылмыс саналған деседі. Ажырасқандарды шеттетіп, оларға бөтен көзқараспен қарайтын болған. Алайда, сол қоғамда «қайтып келген  – қыз жаман» деп, қызының бақытын ұрлаған қанша ата-ана, осындай ке-рексіз стереотиптердің кесі-рінен, туған қызының мәйітін құшақтап қалды? Бәрі сол – ұяттың кесірінен. Әйел теңдігі орын алмаған уақытта қанша жас қыз-келіншек түрлі зорлық-зомбылыққа душар болды. Өз сүйгеніне қосыла алмай қанша ғашық өмірден өтті? Күйеуінің қыңыр мінезіне шыдап, балалары үшін өмір сүрген әйелдің өмірі қандай қиын десеңші?!

Әрине, қазір біздің елімізде ажырасуға басты се-бептердің бірі – зорлық-зом-былық. Соңғы жылдары өз жұбайының қолынан мерт болған келіншектер саны күн сайын көбеюде. Үйленген соң тұрмыстық қиыншылықтарға шыдамай, өз әйелінен өшін алатын еркектерді «ер-аза-мат» деуге келмейді-ау, сірә. Әйелін жеке меншігі көретін, психологиялық ауру еркектер-дің әйеліне жасайтын құйтырқы әрекеттерін айтуға тіпті ауыз бармайды. Өз үйінде ата-анасы еркелетіп, мәпелеп өсірген қызының, көгерген денесін, бақытсыздығын көру – ата-ана үшін өте ауыр.

Оған қоса  ерлі-зайыптылар-дың ажырасуына себеп болып отырған тағы бір себеп – лудомания. Психолог Евгений Янның айтуынша, Қазақстанда ересек адамдардың шамамен 3-4 пайызы ойынқұмарлыққа шалдыққан. 2024 жылдың со-ңында жүргізілген  зерттеу нәтижесіне сәйкес, елімізде 442 500-ге жуық адам тұрақты түрде құмар ойындарына қаты-сады. Лудомания отбасылық дағдарыстар мен ажырасуға жиі себеп болады. Статистика бойынша, шамамен 10 жұп-тың 7-і ойынқұмарлықтан зардап шегіп, ақыр соңы екі жаққа кетеді. Бір лудоманның орташа қарызы – 10 миллион теңгені құрайды. Соның сал-дарынан ұрлық, алаяқтық, сияқты  қылмыстар көбейіп, ал кейбір жағдайда – соңы суицидпен аяқталады. Ал 2024 жылы шілдеде Прези-дент букмекерлік қызмет жарнамасын шектеу туралы заңға қол қойды. Нәтижесінде төрт мыңнан астам заңсыз онлайн-казино сайты бұғат-талды. Денсаулық сақтау ми-нистрлігінде лудоманиядан ресми есепте тұрғандар саны бар болғаны 19 адам, ал рес-ми есепке алынбағандар саны жетерлік екені де белгілі. Осы-ған байланысты, анонимді емделу мүмкіндігі де енгізілген. Ойынқұмар адам ойынның жетегіне еріп, бір сәтте қалай әйелінен, отбасынан, үй мен көлігінен айырылып қалғанын аңғармай қалады? Бар тапқан ақшасын ойынға салып, отба-сына мүлде көңіл бөлмейтін еркектен әйел шаршап, ең дұрыс шешім – ажырасуды  таңдайды.

Ажырасудың кезекті бір себебі – қара шаңыраққа сыйы-са алмаған ене мен келін мәселесі.  Еліміздің қай өңірінде болсын келін мен ененің бірге тұруы – отбасындағы жанжалға әкеп соғатыны жалған болмас. Екі жастың ортасына түсіп, баласын әйелінен қызғанатын енелердің кесірінен ажырасу да жиіледі. Бұрын бір шаңырақта ене де, абысын да бірге тұрса, қазір бұл үрдіс тіптен азайды. Келінге жөн көрсетіп, жаңа отбасыға сіңісуге көмектесудің орнына, келінімен жарысатын енелер көбейді. Бұл жағдайда ең жақын екі адамның ортасын-да қалған ер-азаматқа обал. Ең ауыр жүк те – сол азамат-та. Бұрын баласы өз алдына отбасы болып отау құрғанда, ата-ене «еншісін» беріп бөлек шығарған болса, қазір бө-лек тұрса да екі жасқа маза бермейтін енелер, өз балала-рының бақытына кедергі болып жатқанын қашан түсінер екен? Ене – анаңдай болмайтыны рас. Ал келін – қызыңдай бол-майды. Бұл заңдылық. Ене ана, келін қыз болуға міндетті емес. Тек әркім өз орнын білсе болғаны. Бір шаңырақ астында тату-тәтті тұру үшін келін де, ене де өз рөлдерін ауыстырып алмауы шарт. Тек сонда ғана ене мен келіннің арақатынасының әсерінен ажырасу азаяр деп санаймыз.

Келесі жағдай ол той мә-селесі. Бір-бірін шын сүйіп қо-сылған ғашықтар, той жасауға келгенде өзара түсініспеуші-ліктердің жиілейтіні қалыпты жағдай. Екі жақтың ата-анасы шамасы келсін, келмесін 200-300 адамға, несие алып той жасайды. Ал тойдан кейін сол кредитті екі жастың мойнына артып қояды. Барлығы қым-баттаған заманда той жасау да оңай емес. Енді ғана отау құрған ерлі-зайыпты қарыз үшін ұрсысып, тойдан кейін көп ұзамай ажырасып жатқандар-ды да көріп келеміз. Сонда санаға бір ой келеді. Неге қазақ өзгенің сөзінен қорқа-ды? Шамаң жетпесе, қарыз алып, тыраштанғаннан не пайда? Одан да «көрпеңе қа-рай көсіліп», екі жақты келі-сіп, құдалығын өткізіп, екі жасқа бақыт тілеу, әлдеқайда ұтымдырақ емес пе? Бірақ «шашылсаң тойға шашыл» дейтін қазақ үшін, тойдың жыры мұнымен біте қоймас. Әрине, той тойлап, думандатып жүрген жақсы. Бірақ шамаң жетпесе, банктің қарызына батып, той жасаудың құны – бір тиын. Аталған себептер көп бойдақ қыз-жігіттің үйленуіне де кедергі. Көбісі той жасауға қауқары жет-пеген соң, үйлене де алмай жүр.

Ал кейбіреулері өзім үшін өмір сүремін деп, еркін өмірді саналы түрде таңдайды. Олар-дың басты қағидасы – ешкімге тәуелді болмау. Олар үшін отбасылы адам – бақытсыз, күнделікті күйбең тірліктің шыр-мауына байланған жан. Ал балалы болу – нағыз күрделі мәселе. Себебі олар үшін бала – бақыт емес, қиындық. Бұл тұста еркін өмірді өзінің принципіне айналдырған жандар, жауапкершілікті алу-дан қорқатын жандар болып көрінетінін айтқым келеді. Бәл-кім, дәл қазір жұмыстан үйге келіп, у-шусыз жалғыздықта тамақ ішкен бақыт болар, бірақ қартайған шақта қу тізеңді құ-шақтап, сенің жаныңды түсі-нетін жанның болмауы, әл-деқайда қорқынышты емес пе?

Қазір қоғамда әлеуметтік өмірдегі әдемі өмірді жарна-малап, көп жастың миын улап жүрген блогерлер мен психолог-коучсымақтардың кесірінен де шаңырақтары шайқалып жатқандар бар. Жас келіншек арнайы білімі жоқ, тек өзіне психолог әрі коуч маман деп ат қойып алған жандарды тыңдап, санасы уланады. Әлеуметтік желідегі бай, дәулетті өмірді аңсап, брендтік дүниелер мен алтын сұрап, күйеуінің мазасын алады. «Қылықты әйел», «Гармониядағы отбасы» де-ген секілді курстарды сатып алып, ондағы жалпылама ақпараттарға сенеді. «Әйел – тек кір жуып, тамақ істеуге арналмаған. Әйелдің қолынан бәрі келеді! Әйел де – көш-басшы бола алады!» деген ұранмен, қанша әйел өз бақы-тынан бас тартып, күйеуін мүлде сыйлаудан қалды. Әйел кез келген саланы меңгеріп, көшбасшы бола алатынын бәрі біледі. Мемлекеттік орын-дарда, арнайы мекемелер мен мектептерде әйел басшы-ларды, трактор айдап, кранды басқарған әйелдерді де  көріп жүрміз. Демек, әйел ер адам істеген істің барлығын істей алады. Жалғыз өзі бала-шаға-сын асырап, қатарынан кем қылмай өсіре де алады. Бірақ әкенің орнын еш уақытта баса алмайды.

Негізі біз өз менталитетіміз-ден ажырамауымыз керек. Қазақта әрқашан ер адам, әйелден бір саты жоғары болған. Иерархия бұзылмай, сақталғаны дұрыс. Ер адам әрқашан әйелге қарағанда мықтырақ, әрі салмақтырақ. Өтірік психологтардың сөзіне еріп, күйеуінің жағдайы жетпей-тінін ескермей, қымбат заттар сұрайтын әйел, ақыр соңында ажырасып тынары анық. Өйт-кені әйел коучтардың айт-қанына еріп, күйеуін өзгенің жұбайымен салыстырады. Бар мәселе сол салыстырудан басталады. Осы тұста көп әйел, кімге күйеуге шыққанын естен шығармаса екен. Күйеуінің табысы қанша екенін біле тұра, оның жағдайы да, қаржысы да жетпейтін дүниені сұрау қаншалықты дұрыс? Көбінде әлеуметтік желідегі тәтті өмір, тек жасандылық. Ал шынайы өмірде барлығы керісінше болуы да ғажап емес.

Қазір ажырасқан әйелдер бірден шашын қиып, болмысын  өзгертіп, арықтап, сұлуланып кетеді. Ол әйелдерге әлеуметтік  желі қолданушылары  «тордан шыққан бұлбұл құс», «ажыра-сып, әдемі болып кетті», «жарқыра» деген сияқты пікір қалдырып, қолдап жатады. Сонда әйел тұрмыста болған шағында еркін бола алмай, тек ажырасқаннан кейін, еркіндікке қол жеткізе ме? Ал әйелдер еркіндікке қол жеткізген соң, неге бірден ажарланып, өзгеріп кетеді? Қандай мақсатпен өзгеруге шешім қабылдайды? Әлде экс күйеуіне кімді жоғалт-қаныңды түсін дегендей дәлел-дегені ме? Күнделікті бітпейтін күйбең тірлікпен ас үйде тамақ жасаудан қолы тимеген әйел, расында ажырасқан соң өзіне қарауға мүмкіндігі де, энергиясы да, уақыты да болатын сияқты. Әкесінен аманат етіп алған жарын, аялап ұстай алмаған ер-азамат, ажырасқан соң ғана «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген мақалдың күйін кешеді. Ер адам жұмыстан қан-ша шаршап келсе де, бір уақыт отбасына көңіл бөліп, әйелімен сырласса, оның қалауын тың-дай білсе, көп мәселе өз шеші-мін табар еді.

Ажырасудың тағы бір себебі – ер-азаматтардың ішімдікке әуес болуы мен аманат етіп алған жарының көзіне шөп салуы. Бұл қазіргі таңда жиі айтылып жүрген ауқымды мәселенің бірі. Ішімдікке тәуел-ділік отбасындағы зорлық-зомбылық пен ұрыс-керіске әкеледі. Оның үстіне ішімдікке көп ақша кетеді, қаржылық қиындықтардың бастауы осы бір ішімдікке деген тәуелділіктен басталады екен. Ішімдікке салынған күйеуінен өзін, ба-лаларын қорғау үшін әйел ажырасуға мәжбүр болады. Мас адам опасыздыққа жиі баратыны да жасырын емес. Үйдегі адал жарының көзіне шөп салып, қанша қыздың тағдырын құртқан еркектер де ажырасуға себеп болады.  Отбасының берекесі кетіп, ерлі-зайыптылар арасында салқындық орнайды, бір-біріне деген сенім жоғалады. Міне, осылай көп жылдық қарым-қатынас бір сәтте тоқтап, ерлі-зайыптылар екі тарапқа кетеді.

Дегенмен ажырасуға тек бір жақ кінәлі деу дұрыс емес, әрине. Әр уақытта кінә екі жақтан болады. Бірақ соның  салдарынан жалғызбасты ана-лар мен әкесіз өсіп жатқан балалар саны артып келеді. Бейкүнә сәбилердің жазығы не? Қоғамда алимент төле-мейтін, жауапкершілік ала ал-майтын әкелер де көбейді. Егер ажырасу саны осылай жалғаса берсе, бұның соңы жақсылыққа апармайды. Бала толыққанды отбасында өсіп, әкеден де, анадан да тәрбие алғаны – елі-міздің болашағы үшін де, қоғам үшін де пайдалы.

Жалпы ерлі-зайыпты заңды түрде некелескен соң, міндетті түрде екеуара отырып, отба-сылық келісімшарт жасауы тиіс. Ер де, әйел де өзінің талабын айтып, ортақ шешімге келуі шарт. Бұл шынайы бақытты отбасы болуға апарар жалғыз жол. Екеуінің арақатынасына ешбір жақынын араластырмау, тұрмыстық жұмыстарды бөліп жасау, бірге мақсат қою және екі жақтың да ата-анасын бірдей сыйлап, үнемі даму үстінде болу деген ортақ ше-шімге келсе, онда бұндай шаңырақтың керегесі кең болары айқын. Отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтынын да ескерген жөн. Отбасылық дағдарысқа түскен сәттерде бір-біріне қолдау білдіріп, кешіріммен қараса, ажырасу да біршама төмендері анық. Бастысы ерлі-зайыптының екеуі де өзі-не тиесілі жауапкершілікті алғаны абзал. Отбасы – өз алдына жеке мемлекет екенін естен шығармаған жөн. Ол мемлекеттің басшысы ері, ал кеңесшісі әйел болса, ша-ғын ғана мемлекет етегін кең-ге жайып, тамырланатыны сөзсіз! Елімізде белең алған ерсі  үрдіске қарсы үн қосуды жөн деп білдік. Артық не кем айтқан тұстар болса айыпқа бұйырмаңыздар. Біздікі «шаңы-рақтар шайқалмаса» екен де-ген ниет.

     Жанерке САТЫБАЛДЫ. 

Оқылды 45 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет