Бейсенбі, 23 Қазан 2025 16:55

Автобус аялдамасы ашылды

Биыл Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне  30 жыл толып отыр. Қаншама уақыттан бері  министрлік еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, төтенше жағдайлардың алдын алуда және  зардаптарын жоюда жетекші рөл атқарып келеді. Осы орайда, қаламызда ҚР  Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына арналған  автобус аялдамасы кешенінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

1995 жылы құрылған ведомствоның басты мақсаты – халықтың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны және елдің материалдық құндылықтарын әртүрлі табиғи табиғи және техногендік апаттардан қорғау.  Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс саласының мамандары күн сайын халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында  еңбек етіп келеді. Олардың батылдығы мен адалдығы – еліміздің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің кепілі.

Бүгінгі таңда министрлік заманауи техникалармен жабдықтап, құтқару қызметінің  деңгейін халықаралық талаптарға сәйкестендіру бағытында жұмыстар атқарылуда. Бұл сала халықтың өмірі мен денсаулығын, қоғам мен табиғаттың  тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейді. Табиғи апаттар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі сияқты күтпеген жағдайлар кезінде ең алдымен көмекке келетінде осы қызмет түрі.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күн сайын өз өмірін қатерге тіге отырып, өзге адамдардың өмірін сақтап қалады.  Олардың батылдығы мен кәсібилігі – нағыз ерліктің көрінісі. Айта кету керек,  бұл саланың маңызы тек апат кезінде емес, сонымен қатар оның алдын алу мен халықты қауіпсіздік мәдениетіне үйретуде де зор. ТЖМ мамандары елдің әр өңірінде төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғанысты дамыту, қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Аталған саланың  қиын тұсы – адамға физикалық түрде емес, моральдық тұрғыдан ауырлық түседі. Олар адам өмірі үшін күресіп, кейде сол өмірдің үзілгенін көреді.Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қайсысы болсын, өз өмірін қатерге тіккен бүгінгі күннің батырлары деген атқа әбден лайық. Отаны үшін елі үшін, халқы үшін еткен еңбек – әрқашан лайықты бағалануы тиіс.

Автобус аялдамасының  ашылуы салтанатында  Алматы облысы ТЖМ  бастығының уақытша міндетін  атқарушы, полковник Дәурен Дәулетқанұлының құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде Дәурен Дәулетқанұлы айтулы мерекемен қатар автобус аялдамасының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ әріптестерін мерекемен тағы бір мәрте құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Оған қоса кез келген төтенше жағдайға дайындықты үнемі тексеріп, халыққа өрттен, су тасқынынан, тағы сол секілді қатерден сақтану шараларын  кеңінен насихаттауды ұсынды.

Жаңа аялдама кешенінің ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов пен Алматы облысы ТЖМ  бастығының уақытша міндетін  атқарушы полковник Дәурен Дәулетқанұлы лентаны қиып, нысанды аралады. Шара соңында қонақтар да аялдама кешенімен танысып, жас сарбаздардың өнеріне тәнті болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы – бұл тек мерейтой емес, сонымен қатар ел қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір құтқарушыға деген алғыс пен құрмет күні екенін естен шығармайық!

 

 Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 282 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет