Жұма, 07 Қараша 2025 16:17

Инновациялық турнир өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында «Есік қаласының оқушылар үйі» ұйымдастыруымен Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп базасында ерекше облыстық турнир өткізілді.

Турнир жасанды   интел-лектті спорттық ойындарда біріктіру деп аталып, облыстың қосымша білім беру педагогтері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дәстүрлі спорттық және ойындық үдерістерге интеграциялау жөніндегі  білімін тереңдету және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру болды.  Бұл бастама – қосымша білім берудің болашағын айқындайтын, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл турнир ұстаздардың ЖИ-дің мүмкіндіктерін тек теориялық тұрғыдан емес, сонымен қатар нақты практикалық ойындарда қолдануға дайын екенін көрсетті. Турнир барысында қатысушы ұстаздар өздерінің тек ойын шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар ЖИ-талдау тұрғысынан стратегиялық ойлау қабілеттерін де көрсетті. Ұстаздар «Асық ату», «Бестас»,«Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Үстел теннисі» бойынша жарысты.

Бұл ойындардағы әрбір қадам мен нәтиже ЖИ-технологиялар негізінде талданып, педагогтердің осы үдерістерді қалай енгізуге болатыны туралы білімін арттырды. Мәселен, асық атудағы дәлдікті ЖИ арқылы талдау немесе шахматтағы тиімді стратегияларды ЖИ арқылы болжаудың маңызы көрсетілді. Нәтижесінде, әр бағыт бойынша үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар анықталып, оларға кубоктар мен медальдар салтанатты түрде табысталды.Аталған іс-шара қосымша білім беру ұстаздардың кәсіби дамуына және инновациялық ойлауын қалыптастыруға зор үлес қосты. Турнир тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар ұстаздардың ЖИ дәуірінің талаптарына сай болуға ұмтылысын, цифрлық технологияларды білім беру саласына енгізуге деген белсенділігін айғақтайтын алаң болды.

Бұл бастама Алматы облысының қосымша білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның іс жүзіндегі көрінісі және ЖИ-ді оқу процесіне енгізу бойынша алдағы жобалардың бастауы болары анық.

 

Өз тілшіміз

Оқылды 231 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет