Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер ұйымы басқарушы органының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі талқыланды.
Жиынды аудан мәслихатының төрағасы Бекет Ахметов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов, облыстық ардагерлер ұйымының төрғасы Ерболат Тұрымбетов, аудандық бөлім, басқармалар, округ басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жайлы ардагерлер ұйымының жетекшісі Тілеулес Ұзақов баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Спатаев аудандық ардагерлер ұйымының жұмысына қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. Саймасай ауылдық округі ардагерлерінің атынан сөйлеген Ж.Қасенов айтылған ұсынысты қолдап, жиынға қатысушылар ашық дауыс-пен ардагерлер ұйымының жұмысын қанағаттанарлық деп бекітті. Сондай-ақ ұйымның тексеру комиссиясының есебін Ахат Бақтыбаев баяндады.
Жиынға қатысқан делегаттар ашық дауыспен аудандық ардагерлер ұйымының төрағалығына Жұман Мықыбаевты және оның көмекшілерін, тексеру комиссиясының төрағасын және облыстық ардагерлер ұйымының есептік жиынына делегаттар құрамын сайлады.
Жиын соңында аудандық ардагерлер ұйымын ойдағыдай басқарған Тілеулес Ұзақовқа аудан әкімі Т.Байеділов алғыс хат тапсырып, иығына шапан жапты. Жиында облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Тұрымбетов қорытындылай сөз сөйледі.
Өз тілшіміз.



