Сейсенбі, 17 Ақпан 2026 11:31

Азаматтар өтініші тасада қалмайды

 

Балтабай ауылында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиында екі негізгі мәселе қаралды: партияның Алматы облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының аудан аумағында орындалу барысы және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер жобасы.

 

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Талғат Байеділов пен орынбасары есеп берді. Мәліметке сәйкес, өңірлік сай лауалды бағдарлама аясын да соңғы үш жылда 103 шара жоспарланған. Оның 89-ы толық орындалған, 5 іс-шара ішінара жүзеге асқан, 7 іс-шара орындалу сатысында тұр. Ал 2 іс-шараға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Талғат Ескендірұлы Жол картасында көзделген Аудан әкімдігінде Жуырда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік органдар мен діни құрылымдар өкілдерінің қатысуымен аудандық ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы биліктің, дін саласына жауапты құрылымдардың, сондай-ақ аудан аумағындағы мешіт имамдары қатысты. Жиынды аудан әкімі Талғат Ескендірұлы жүргізді. индикаторлардың толық орын далатынын айтып, қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастырылатынын жеткізді. Оның айтуынша, жол сапасын жақсарту, тұрғындарды сапа лы ауызсумен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту – әлі де өзектілігін жоғалтпаған басым бағыттар.

 

– «AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша сайлау алды бағдарламасын сапалы орындау – жергілікті атқарушы органдардың негізгі басымдықтарының бірі. Жол картасы на енгізілген жобалардың орындалуы менің жеке бақылауымда, – деді аудан әкімі. Отырыс барысында Алматы облы сы мәслихаты жанындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ләззат Тұрлашов Қазақстан Республикасының Конституциясы на енгізілген өзгерістер жобасына тоқталып, Жол карта көрсеткіштерін орындау аясында бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Ал маты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров фракция мүшелерінің жұмысына талдау жа сады. Оның айтуынша, 2025 жылы мәслихаттағы партия фракциясының депутаттары 96 қоғамдық қабылдау өткізіп, 189 тұрғынмен кездесу жүргізген. Көтерілген мәселелердің 60 пайызы оң шешімін тапса, қалған 40 пайызы бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, аудандық фракция мүшелері 188 депутаттық сауал жолдап, нақты мәселелердің шешілуіне ықпал еткен. Жиын соңында фракция мүшелерінің белсенділігін арттыру, бастауыш пар тия ұйымдарымен жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізу қажеттігі айтылып, бірқатар міндеттер жүктелді. Партия өкілдері халықтың әрбір өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайтынын, аза маттардың сенімін ақтау жолындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 31 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғажайып қыс Жас патриотшылар сыныбы ашылды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет