Бейсенбі, 19 Ақпан 2026 10:31

Боз кілемдегі бәсеке

 

Дзюдо күресі жастар арасында күн өткен сайын қарқынды дамып келеді. Бұл спорттан ауданымыздың ауыз толтырып айта алатын жетістіктері де аз емес. Үш жыл бұрын бастау алған «Алтын адам» республикалық турнирі ауданымызда тұрақты түрде өтетін үрдіске айналды. Жуырда ғана Есік қаласындағы спорт кешенінде «Алтын адам» жасөпірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өтті.

Аталған ауқымды жарыста Алматы, Астана қалалары, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Ақтөбе, Абай, Алматы облыстарынан келген 500-ге жуық жас спортшы өнер көрсетті. Тартысқа толы болған бәсеке әдеттегідей өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Дзюдо бәсекесінің ашылу салтанатына Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, облыстық самбо федерациясының вице президенті Бақытбек Сақалов, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Мұхтарова, аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев қатысты.

– Спорт – мемлекетіміздің даму жолындағы стратегиялық маңызға ие ірі бағыттардың бірі. Ал, жас ұрпақты саламатты өмір салтына дағдылау –  бәрімізге ортақ міндет. Тарихта аты алтын әріппен жазылған Есік қаласындағы бүгінгі дзюдо додасының қатысушыларға берері мол деп білеміз. Болашақта байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғайтын спортшылар бүгінгі жарыста жүргеніне күмән жоқ. Тәжірибелеріңізді шыңдап, биіктерден көріне беріңіздер, – деген Талғат Байеділов жас спортшыларға сәттілік тіледі.  Сонымен қатар, Гүлмира Мұхтарова құттықтау сөз алып, спорт саласының маңыздылығына тоқталып, ыстық ықыласы мен ақ тілегін жеткізді. Байрақты бәсекеге «Алтын адам» аты берілгеніне қуанышты екенін жеткізіп, Алтын адам туралы жас ұрпаққа кәделі мәліметтер айтты.

2010-2011 жылғы және 2013-2014 жылы туған жас сайыпқырандар боз кілемде өзара бақ сынасты. Үш күнге созылған белдесуде шын мықтылар анықталып, жеңімпаздар медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Р.Нарханов.

 

Оқылды 25 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тәрбие мен тағылым Ақын жыры ел жүрегінде »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет