Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында жалпыұлттық коалиция мүшелері Есік қаласындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледж ұжымымен және студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты түсіндіріліп, енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріндегі маңызы атап өтілді. Сонымен қатар реформаның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны айтылды.




