Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби орта мектебінің педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының дайындалу процесі туралы ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
«Жаңа Конституция – кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Ұсыныстар порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Бұл құжаттың әр нормасы кәсіби сараптамадан өтті. Ата заң – мемлекетіміздің берік негізі, ел дамуының басты бағытын айқындайтын негізгі құжат. Ал референдум – халықтың өз таңдауын білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әр азаматтың дауысы – ел болашағы үшін маңызды.
Бұл саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымызды білдіру – ортақ жауапкершілігіміз.
Еліміздің ертеңі – өз қолымызда!Сондықтан 15 наурыздағы референдум – қоғамның өз еркін заңды түрде бекіту мүмкіндігі», – деді коалиция мүшелері
Ұжым өкілдері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.




