Сейсенбі, 24 Ақпан 2026 15:27

ҚАЙПОВ ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРМЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық округіндегі Ж.Қайпов орта мектебінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Жиын барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер таныстырылды.

Кездесуге алғашқы болып сөз алған коалиция мүшесі жаңа Ата заң жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, құжаттың қарапайым әрі түсінікті тілде жазылуы – маңызды жаңалықтардың бірі.
– Бұған дейінгі Конституция өз кезеңінде ел дамуына қызмет етті. Алайда уақыт өзгерген сайын заң да жетілдіріліп отыруы тиіс. Ұсынылып отырған жаңа жоба жалпыға түсінікті тілде жазылған. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай қалыптасқан жаңа ұғымдар мен құндылықтар да нақты көрініс тапқан, – деді Сыдықова Назгүл
Өз кезегінде Дунгешов Мухит адам құқықтарын қорғауға бағытталған нормалардың күшейтілгенін атап өтті.

– Жаңа жобада «Миранда ережесінің» енгізілуі – маңызды қадам. Бұл норма бойынша жауапты органдар күдіктіні ұстаған кезде оның құқықтарын толық түсіндіруге міндетті. Егер бұл талап сақталмаса, жүргізілген тергеу әрекеттері заңсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай тетік азаматтарды негізсіз қысымнан қорғап, әділдік қағидатын нығайтады, – деді ол.

Жиын барысында ұстаздар жаңа Конституция жобасына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, коалиция мүшелері құжаттағы өзге де бағыттар – әлеуметтік кепілдіктер, заң үстемдігі, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері жөнінде түсіндірме берді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Оқылды 38 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет