
Жаңа Конституция – еліміздің саяси жаңғыру кезеңіндегі стратегиялық маңызы бар құжат. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіріп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Конституциялық өзгерістер ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап, тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға негіз қалайды.
Сонымен қатар, бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі қағидаты нақты әрі пәрменді сипат алды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілік жүйесі қайта қаралып, Парламенттің рөлі мен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының ықпалы артты. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамның саяси мәдениетін нығайтады.
Жаңа Конституция қоғамдық келісімді сақтауға, ұлттық бірлікті бекемдеуге және әлеуметтік әділдік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған. Экономикалық даму мен инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін құқықтық тұрақтылық пен ашықтыққа басымдық берілді. Мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның өмірі екені нақты айқындалып, әлеуметтік саясаттың сапасын арттыруға құқықтық негіз жасалды.
Осылайша, конституциялық реформалар – еліміздің болашағын айқындайтын, жаңару мен жаңғыруға бастайтын маңызды қадам. Бұл өзгерістер елдің демократиялық даму жолын нығайтып, жауапты, әділетті әрі ашық мемлекет құруға бағытталған тарихи шешім болып табылады.
ДИНИСТАНОВ
Жасулан Танабаевич




