
Конституциялық реформалар азаматтардың ел тағдырына қатысты шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Бұл – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асуы. Саяси үдерістерге кеңінен қатысу қоғамның жауапкершілігін арттырып, саяси мәдениеттің сапалы дамуына ықпал етеді.
Азаматтардың сайлау, қоғамдық талқылау, референдум және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белсенділік танытуына құқықтық негіздер күшейтілді. Бұл өзгерістер билік пен халық арасындағы кері байланысты нығайтып, мемлекеттік шешімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғамдық бақылау институттарының рөлі артып, азаматтық бастамаларды қолдау тетіктері кеңейді.
Сонымен қатар, реформалар саяси плюрализмді дамытуға, пікір алуандығын құрметтеуге және әділ бәсекелестік қағидаттарын орнықтыруға мүмкіндік берді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру – демократиялық қоғамның негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Осылайша, конституциялық жаңғыру қоғам мен мемлекет арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге шығарып, жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыруға жол ашады. Бұл үдеріс елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына берік негіз қалайды.
САЙДУЛЛАЕВ
Аркен Абликимович
Аудандық маслихат депутаты




