
Жаңа Конституцияда билік тармақтарының өкілеттіктері қайта қаралып, тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктері күшейтілді. Бұл басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, шешім қабылдау процесін ашық әрі теңгерімді етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде демократиялық институттар нығая түседі.
Атап айтқанда, заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс-қимылы нақты айқындалып, әр тармақтың жауапкершілік шекарасы белгіленді. Парламенттің бақылау функциялары кеңейіп, Үкіметтің есептілігі артты. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғам
алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған өзгерістер әділ сот төрелігін жүзеге асыруға құқықтық кепілдіктер береді. Конституциялық бақылау тетіктері жетілдіріліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіндігі кеңейтілді.
Мұндай құрылымдық жаңғыру биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, мемлекеттік басқарудың сапасын арттырады. Нәтижесінде саяси тұрақтылық сақталып, құқық үстемдігіне негізделген, әділетті әрі тиімді мемлекет қалыптастыруға берік негіз қаланады.
КАРАГУЛОВА
Камшат Курманхановна
Аудандық маслихат депутаты




