Конституциялық Соттың құрылуы – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Енді әрбір азамат өз құқығы мен бостандығын қорғау үшін тікелей осы органға жүгіне алады. Бұл әділдік қағидатының нақты жүзеге асуына жол ашады және құқықтық мемлекеттің берік іргетасын қалайды.
Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арасындағы өзара бақылау мен ықпал ету тетіктері нақты айқындалып, олардың дербестігі мен жауапкершілігі күшейтілді. Парламенттің рөлі артып, оның Үкімет қызметіне бақылау жасау мүмкіндіктері кеңейді. Бұл мемлекеттік шешімдердің жан-жақты талқыланып, қоғам мүддесіне сай қабылдануына жол ашады.
Сонымен бірге, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар күшейтіліп, әділ сот төрелігін жүзеге асырудың кепілдіктері нақтыланды. Конституциялық қадағалау институттарының әлеуеті артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді.
Мұндай өзгерістер билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтай отырып, бірінің өкілеттігін екіншісінің негізсіз иемденуіне жол бермейді. Нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі ашық, тиімді әрі жауапты сипатқа ие болып, құқық үстемдігі мен демократиялық қағидаттар берік орнығады.
ХАСЕНОВ
Даурен Каиржанович
Аудандық маслихат депутаты




