Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы конституциялық деңгейде нақты айқындалды. Мемлекет үшін ең жоғары құндылық – адам және оның өмірі, ар-намысы мен қадір-қасиеті екені тағы да бекітілді. Бұл қоғамда әділдік пен гуманизм қағидаттарын орнықтырады.
Жаңа конституциялық нормалар азаматтардың негізгі құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейтіп, олардың заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау – мемлекеттік органдардың басты міндеті ретінде айқындалды. Бұл құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, билік пен азамат арасындағы сенімді арттырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік ұстанымы бекемделіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге құқықтық негіз қаланды. Сөз бостандығы, пікір алуандығы, ар-ождан еркіндігі сияқты демократиялық құндылықтар нақты кепілдендірілді.
Осылайша, адам құқықтарын қорғауға басымдық беру – қоғамның тұрақты дамуының, бейбітшілік пен келісімнің басты шарты. Бұл ұстаным азаматтардың өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жол ашып, әділетті әрі өркениетті мемлекет қалыптастыруға негіз болады.
Саят Аханович
Аудандық маслихат депутаты




