Сайлау жүйесіндегі өзгерістер саяси бәсекелестікті күшейтіп, азаматтардың таңдау мүмкіндігін кеңейтті. Бұл – демократиялық қоғамның дамуына серпін беретін маңызды фактор. Әрбір дауыс ел болашағына әсер ететінін халық тереңірек сезіне бастады.
Жаңа тетіктердің енгізілуі кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырып, сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін арттырды. Аралас сайлау жүйесінің қолданылуы, бірмандатты округтердің қайта енгізілуі халық пен депутат арасындағы тікелей байланысты нығайта түсті. Бұл өз кезегінде сайланған өкілдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Сонымен қатар, азаматтардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі кеңейіп, саяси процестерге жаңа тұлғалардың келуіне жол ашылды. Бұл қоғамдық пікірдің әртүрлілігі мен мүдделердің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. Сайлау мәдениетінің қалыптасуы, белсенді азаматтық ұстанымның артуы – елдегі демократиялық жаңғырудың нақты көрінісі.
Осылайша, сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу деңгейін арттырып, қоғамның саяси санасының өсуіне ықпал етеді. Бұл өзгерістер әділ, ашық әрі бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға негіз болады.
БЕРДАЛИЕВ
Нурлан Турмаханович
Аудандық маслихат депутаты




