Сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етті. Мәжіліс депутаттарын аралас сайлау жүйесі арқылы сайлау тетігі енгізіліп, азаматтардың өкілдерін таңдаудағы мүмкіндігі кеңейді. Бұл қадам қоғамның саяси белсенділігін арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Аралас жүйе партиялық тізім бойынша да, бірмандаттық округтер арқылы да үміткерлерді сайлауға мүмкіндік беріп, саяси алаңда түрлі көзқарастардың көрініс табуына жағдай жасайды. Бұл сайлаушыларға нақты кандидаттарды таңдауға әрі олардың жеке жауапкершілігін күшейтуге жол ашады.
Саяси бәсекелестіктің артуы партиялардың бағдарламалық мазмұнына, қоғамдық мәселелерді шешудегі ұсыныстарына деген талапты күшейтеді. Нәтижесінде сайлау үдерісі формалды рәсімнен гөрі мазмұнды пікірталас алаңына айналады. Бұл демократиялық мәдениеттің дамуына және саяси сананың өсуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, сайлау жүйесіндегі өзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу деңгейін арттырады. Әрбір дауыс ел болашағын айқындауда маңызды рөл атқаратынын сезіну қоғамдағы жауапкершілік пен белсенділікті күшейтеді.
Осылайша, сайлау жүйесін жаңғырту – өкілді билікті нығайтып қана қоймай, халық пен мемлекет арасындағы өзара сенім мен серіктестікті тереңдетуге бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.
БЕРДАЛИЕВ
Нурлан Турмаханович
Аудандық маслихат депутаты




