Табиғи ресурстарды халық игілігі үшін пайдалану мәселесі Конституцияда нақты бекітілді. Жер мен оның қойнауы халыққа тиесілі екендігі жөніндегі норма ұлттық байлықты әділ және тиімді басқаруға бағытталған. Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Аталған қағидат табиғи ресурстарды пайдалану барысында мемлекеттік жауапкершілікті күшейтеді. Ұлттық байлықты игеру тек экономикалық пайда табу құралы ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді қоғамдық мүддені ескеретін стратегиялық бағыт ретінде қарастырылады. Бұл ресурстарды басқаруда ашықтық пен есептілікті арттыруға негіз болады.
Сонымен қатар, жер мен жер қойнауын пайдалану саласындағы саясат экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталуы тиіс. Табиғатты ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттары ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігіне айналады.
Ұлттық ресурстардан түсетін табыстың әділ бөлінуі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердің әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдағы әлеуметтік теңгерімді сақтауға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Осылайша, табиғи ресурстарды халық игілігіне бағыттау туралы конституциялық норма – елдің экономикалық дербестігін нығайтып, ұлттық мүддені қорғауға және тұрақты дамуға негіз болатын стратегиялық маңызы зор шешім.
УЗАКОВ
Бектурсун Омишович
Аудандық маслихат депутаты




