Сәрсенбі, 04 Наурыз 2026 11:04

Жаңа Ата Заң – жаңа құндылық

Елімізде Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы мен Конституциялық комиссия қызметі жұмысының нәтижесі ретінде Ата заңның жаңа жобасы жарияланып, талқыланды. Отандастарымыздың ұсыныс-пікірлері ескеріліп жасалған жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтеді.

Осы орайда Шелек политехникалық колледжінің конференц залында  «Жаңа Ата Заң – жаңа құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау, Ата заңның қоғамдағы рөлін түсіндіру және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткен бұл басқосуға аудан әкімдігінің, сот, баспасөз қызметінің өкілдері, колледж ұжымы, жергілікті басқару қызметкерлері, әлеуметтік серіктестер мен ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Колледж директоры Қуат Дүйсебаев Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасап, Жаңа Ата заңның әрбір тараулары мен баптары, олардың өзектілігі туралы айтып берді. Одан кейін жиынға қатысушылар: аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Серік Надырбаев, заңгер Анар Куленова, Шелек орман шаруашылығының бұрынғы директоры, еңбек ардагері Бекболат Алтаев, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Маруп Искаков, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Анарбек Бердібаев, колледж мұғалімдері Динара Жумагулова, Жанат Бағашар, Бану Кулбаева  Конституцияның негізгі тараулары туралы бойынша талдау жасады, өз ойларын айтты.

Модератор Қуат Құрманғалиұлы жиынды қорытындылап, Ата Заңды құрметтеу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушыларға алысын білдірді.

 

А.МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 34 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет