Сарапшылардың пікірінше, Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен есептілікті арттыру. Қоғамда билік институттарына деген сенімнің жоғары болуы көбіне олардың ашықтығына байланысты. Сондықтан жаңа өзгерістер азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтіп, қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттердің саяси жүйесі тұрақты әрі икемді болуы маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциялық реформалар елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған институционалдық өзгерістердің негізін қалыптастырады. Мұндай қадамдар экономикалық реформалардың тиімді жүзеге асуына да ықпал етуі мүмкін.
ДИНИСТАНОВ
Жасулан Танабаевич
Аудандық маслихат депутаты




