Егер мемлекеттік институттар тиімді жұмыс істеп, заң үстемдігі қамтамасыз етілсе, бұл экономикалық дамуға да оң әсер етеді.
Жаңа Конституциялық реформаларды мен еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі уақыт талабынан туындаған қадам деп бағалаймын. Қазіргі қоғам жылдам өзгеріп жатыр, ал мемлекеттік басқару жүйесі де осы өзгерістерге бейімделуі тиіс. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, ол қоғамның дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын құжат. Сондықтан оған енгізілетін кез келген өзгеріс елдің болашағына тікелей әсер етеді.
Менің ойымша, бұл реформалардың басты мақсаты – билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Егер жаңа өзгерістер нақты әрі тиімді жүзеге асса, онда мемлекеттік институттардың жұмысы анағұрлым ашық әрі жауапты бола түседі. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді.
ХАСЕНОВ
Даурен Каиржанович
Аудандық маслихат депутаты




