Құқық үстемдігі қағидасы толыққанды жұмыс істеуі үшін заңнамалық база да үнемі жетілдіріліп отыруы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға және оны қазіргі талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұндай өзгерістер азаматтардың саяси өмірге қатысуын арттыруға жол ашады. Азаматтық қоғам институттарының күшеюі, қоғамдық пікірдің ескерілуі және мемлекеттік органдардың ашықтығы – кез келген демократиялық жүйенің негізгі белгілері. Сондықтан Конституциялық реформалар тек заңдық өзгерістер ғана емес, қоғамдағы саяси мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын.
Саят Аханович
Аудандық маслихат депутаты




