Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасын қалыптастыратын негізгі құжат. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер әрқашан қоғамда кең талқылануы тиіс. Менің пікірімше, Конституциялық реформалардың ең маңызды қыры – қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейту.
Азаматтардың пікірін тыңдау, олардың ұсыныстарын ескеру – реформалардың тиімділігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Егер халық реформалардың мәнін түсініп, оған сенім білдірсе, онда өзгерістердің нәтижесі де анағұрлым тиімді болады. Сондықтан реформаларды жүзеге асыру барысында ашықтық пен қоғамдық талқылау өте маңызды.
БЕРДАЛИЕВ
Нурлан Турмаханович
Аудандық маслихат депутаты




