Менің ойымша, Конституциялық реформалар – елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі. Бұл өзгерістер тек бүгінгі күннің мәселелерін шешуге ғана емес, болашақ ұрпақ үшін тұрақты әрі тиімді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға бағытталған.
Егер реформалар дұрыс әрі жүйелі түрде жүзеге асса, онда олар құқықтық мемлекетті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтере алады. Сонымен қатар, бұл өзгерістер елдің халықаралық беделіне де оң әсер етуі мүмкін. Сондықтан Конституциялық реформаларды тек саяси қадам емес, қоғамның жан-жақты дамуына бағытталған маңызды стратегиялық бастама ретінде қарастыру қажет.
БАЙШЕКОВ
Эрлан Ильдарович
Аудандық маслихат депутаты




