Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026 16:00

Мектеп асханаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Мектеп асханасы – оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды буыны. Балалардың ағзасы инфекциялық ауруларға, тағамнан улануға және сапасыз тамақтанудың салдарына өте сезімтал болғандықтан, білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтандыру нысандарына қатаң санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қойылады. Қазақстанда бұл талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін санитариялық қағидалар мен нормалар арқылы реттеледі.
Асхана ғимаратына қойылатын талаптар
Мектеп асханасының орналасуы, жобалануы және жабдықталуы санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс:
- Ас блогы оқу кабинеттерінен оқшауланған, бірақ қолжетімді жерде орналасуы керек.
- Ыстық және суық су жүйесі, кәріз, желдету және жарықтандыру талапқа сай болуы қажет.
- Ас дайындайтын, шикізатты сақтайтын, ыдыс жуатын және тамақ тарататын аймақтар технологиялық ағындылық қағидасы бойынша бөлінуі тиіс.
- Қабырғалар мен едендер ылғалға төзімді, жуып-тазалауға ыңғайлы
материалдардан жасалуы керек.
Тағам өнімдеріне қойылатын талаптар:
Асханаға жеткізілетін барлық азық-түлік өнімдері сапа және қауіпсіздік сертификаттарымен бірге қабылданады. Негізгі талаптар:
- Өнімдердің жарамдылық мерзімі өтіп кетпеуі тиіс.
- Тез бұзылатын тағамдар тоңазытқышта белгіленген температурада сақталуы қажет.
- Шикі ет, балық, сүт өнімдері бөлек сөрелерде сақталады.
- Күн сайын дайын тағамнан тәуліктік сынама алынып, арнайы жағдайда 48 сағат бойы сақталады.
-Тамақтану рационы балалардың жас ерекшеліктеріне сай теңгерімді, дәрумендер мен минералдарға бай болуы тиіс.

Тағам дайындау барысында келесі санитариялық қағидалар сақталуы
қажет:
- Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлек тақтайлар мен пышақтар пайдалану.
- Жылумен өңдеу режимдерін сақтау.
- Дайын тағамды белгіленген уақыт ішінде өткізу.
- Қайта жылытуға және алдыңғы күннің тағамын пайдалануға жол бермеу.
-Ас мәзірі мектеп әкімшілігімен және медициналық қызметкермен келісіліп, бекітіледі.
Қызметкерлерге қойылатын талаптар, яғни асхана қызметкерлері:
- Міндетті медициналық тексеруден тұрақты өтіп тұруы;
- Жеке медициналық кітапшасы болуы;
- Арнайы санитариялық киім киюі;
- Жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы тиіс.
- Жұқпалы ауру белгілері бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілуіне тыйым салынады.
Мектеп асханаларының қызметі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан қадағаланады. Тексерулер барысында тамақ сапасы, сақтау шарттары, құжаттаманың дұрыстығы және қызметкерлердің медициналық жағдайы қаралады.
Мектеп асханаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар – балалар денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі. Таза орта, сапалы тағам және қатаң бақылау жүйесі оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етіп қана қоймай, жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

  Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ бас маманы М.Елубай, М.Альхуат

 

Оқылды 61 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет