Сенбі, 14 Наурыз 2026 12:05

Перинаталдық орталық ашылды

Ауданымыз үшін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі – Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталық дербес медициналық ұйым ретінде өз жұмысын бастады. Бұған дейін аталған орталық аудандық көпбейінді аурухананың құрамында қызмет көрсетіп келген болатын. Енді жаңартылып, толыққанды медициналық мекеме ретінде халыққа қызмет көрсетеді.

Нысанның ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өңір тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Бұл орталықтың ашылуы – өңір тұрғындары үшін маңызды әрі қуанышты жаңалық. Мұнда заманауи медициналық құрал-жабдықтар орнатылып, ана мен балаға сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Алматы облысы бүгінде елімізде бала туу көрсеткіші жоғары өңірлердің қатарында. Жыл сайын облысымызда шамамен 30 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Сондықтан осындай орталықтардың ашылуы – болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам, – деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, «Алтын алқа» иегері Лиза Байрамова құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындары үшін жаңа медициналық орталықтың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ауданның ардақты ақсақалы Тілеулес Ұзақов ақ батасын беріп, ел игілігіне берілген нысанның халыққа адал қызмет етуін тіледі.

Айта кету керек, медициналық мекеме 2007 жылы салынған. 2025 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Жалпы аумағы 10 800 шаршы метрді құрайтын орталық қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған.

Перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді бақылау, босандыру қызметін ұйымдастыру және жаңа туған нәрестелерге неонатологиялық көмек көрсету толық көлемде жүзеге асырылады. Мұнда консультативтік-диагностикалық қызмет те жолға қойылған.

Медициналық мекеме 110 төсек-орынға арналған. Оның ішінде босанғаннан кейінгі бөлімше, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия бөлімі, жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған бөлімше және гинекология бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда лапароскопиялық операциялардың барлық түрін жасауға мүмкіндік бар.

Орталықтың директоры Дәурен Иманалиевтің айтуынша, мекеме заманауи технологиялармен толық жабдықталған.

– Орталықта орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылған және барлық бөлімшелер жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Біз Еңбекшіқазақ ауданымен қатар Райымбек, Кеген, Ұйғыр және Талғар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеміз. Қазіргі уақытта орталықта 286 адам еңбек етеді. Оның ішінде 45 дәрігер, 140 орта буын медицина қызметкері және 80-нен астам кіші мейірбике бар. Алдағы уақытта мамандар қатарын толықтыру жұмыстары жалғасады, – деді ол.

Облыс әкімі жаңа орталықта босанған жас аналарды арнайы құттықтап, сый-сияпат табыстады.

Жалпы, жаңа перинаталдық орталықтың іске қосылуы өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіріп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – мұнда дүниеге келетін әрбір сәби ел болашағының жарқын үміті екені анық.

Өз тілшіміз.

Оқылды 45 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет