Сенбі, 14 Наурыз 2026 12:40

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын бұл күнде облыстың барлық аудандары мен қалаларында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 13-наурыз күні Іле, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары көштің басын бастап берсе, Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек, Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14-наурыз күні сән-салтанатымен көріктендірді.

Бұл күні жұртшылық бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Облыстың орталық алаңдары мен мәдениет үйлерінде ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, театрландырылған көріністер және көрмелер ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы мерекенің мазмұнын байыта түсті. Олар үлкен буын өкілдерін арнайы құттықтап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.

Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен құрметтің символы. Осы игі дәстүр арқылы тұрғындар бір-біріне ақ тілектерін арнап, жаңа жылдың бастауын жақсылықпен қарсы алды.

Алматы облысында өткен бұл мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқындап, ел бірлігі мен рухани сабақтастықтың маңызын көрсетті.

Оқылды 45 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет