Сенбі, 14 Наурыз 2026 13:13

Ана – күннің сәулесі, айдың нұры

Мойындайды қай адам да,

Қарсы келмес ешкім де.

Лайықсыңдар аялауға,

Үш  жүз  алпыс  бес күнде,  –  деп ақындарымыз жырлағандай, ұлтымыздың ұйытқысы болған аналарымызға, ағаларымыздың сүйіктісі болған жеңгелерімізге, аяулы болған ардақты әпкелерімізге, бақ-беделіміз болған аруларымызға жақсылық пен құрметтің барлығы жарасымды. Мереке қарсаңында аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде мерекелік кеш өтті. Әйелдер қауымы үшін арнайы ұйымдастырылған ауқымды шараға аудан әкімі Талғат Байеділов арнайы қатысып, нәзік жанды аруларға ізгі тілегін білдірді. 

Меркелік көңіл күйді сезіндірер сахнада ең әуелі арулар туралы мазмұны терең бейнебаян көрсетілді. Салтанатты мерекенің басында аудан әкімі Талғат Байеділов құттықтау тілегін білдірді. Аналар мен арулардың ел болып ұйысып, жұрт болып жұмылу, Тәуелсіздігімізді тұрақты, ертеңімізді шуақты ету жолындағы, өлшеусіз еңбектерін сөзіне арқау етіп, ыстық ықыласын арнады. Сахна төрінде ауданымыздың дамуына зор үлесін қосып жүрген ханымдарды марапаттады. Бірінші болып Президентіміздің Жарлығымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері атанған аналар марапатталды. Сонымен қатар, өз ісінің үздігі болған нәзік жандыларға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, аудан әкімінің Алғас хаты мен сый-сияпатын табысталды.

Мереке барысында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жұман Мықыбаев аналарымыз жөнінде ізгі ниетімен өрнектелген баяндамасын оқып, ақжарма тілегін ақтарды.

Мереке эстрада жұлдыздары мен ауданымыздағы мәдениет саласында табысты еңбек етіп жүрген өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 31 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет