Сенбі, 14 Наурыз 2026 17:20

Өнер мектебіне домбыра сыйлады

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы жүрегің мейірімге толы, ниетің таза болса жеткілікті. Кез келген кезде адам баласы әртүрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқап жүрген жандарды  жұбатса, екіншілері қиын сәттерде қол ұшын созады. Енді бірі бір нәрсеге мұқтаж болса, соған қол жеткізуге көмектеседі.

Жуырда ауданымыздың мәслихат депутаты, Шелек өңірінің тумасы Аркен Сайдуллаев Балалар өнер мектебіне демеушілік көрсетті. Аркен Аблекимұлынңң өзі: «Өңіріміздегі өнер жолындағы жалғыз мектеп екен, сіздерге қандай көмек жасасам болады, қандай аспаптар қажет, мен алып берейін», – деп өнер үйінің басшысы Сайра Базылбековаға ұсыныс жасапты.

Бұл – өнер мектебінде мұғалімдердің бәрі кәсіби мамандар. Мектепте «Алтын ұя» атты ансамбль құрылған болатын, жаңа домбыра керек болғанын айтыпты Сайра Сыдыққызы. Айтқанын екі етпей домбырашыларға арнайы тапсырыс-пен шебер Тұрдықұловтың  қолыннан шыққан, үйеңкіден жасалған  алты домбыраны тарту етті.

Бұл игі іс – балалардың өнерге деген қызушылығын арттырып, домбыра сыныбының материалдық базасын нығайтуға септігін тигізді.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 51 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет